2021 жылы Департамент лицензиялау бойынша 840 мемлекеттік қызмет көрсетті (2020 ж.-205), яғни, 2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 4 есеге өскен.
Лицензиялау білім беру қызметінің нарқына тек материалдық, интеллектуалдық және басқа да қажетті ресурстары бар білім беру ұйымдарының ғана шығуын қамтамасыз етеді. Бұл ресурстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 17 маусымындағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын Біліктілік талаптарында көрсетілген.
Департаменттің веб-порталына 2021 жылдың басынан лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге 840 өтініш түсті. Бұл өтініштерді қарау нәтижесінде білім беру қызметімен айналысуға 6 мектепке лицензия, 4 колледж бен 2 мектепке лицензияға қосымшалар берілді.
45 өтініш бойынша лицензия және/немесе лицензияға қосымша беруден, оның ішінде 9 өтініш бойынша лицензия беруден: 8 мектеп, 1 колледж; 36 өтініш бойынша лицензияға қосымша беруден: 6 мектеп, 30 колледж, бас тартылды.
Облыстың 712 мектебі мен 71 колледжінің лицензиялары және оларға қосымшалары қайта ресімделді.