2021 жылдың  қаңтарында БССҚЕ жанында педагогтік әдеп және Алматы облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау бойынша  Консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылған болатын.

2021 жылдың  қаңтарында БССҚЕ жанында педагогтік әдеп және Алматы облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау бойынша  Консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылған болатын.

Жыл бойы органның 7 отырысы, оның ішінде біреуі ауданға бару арқылы, өтіп, оларда 12 мәселе қаралды. Атап айтқанда, ұйымдастыру, ККО  жұмысының мазмұны туралы, білім беру ұйымдарындағы педагогтік әдеп бойынша кеңестердің жұмысы туралы, педагогтер тарапынан ҰКТ ережелерін бұзу фактілері туралы тағы басқа.

Білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен педагогтік әдеп нормаларын бұзу бойынша педагогтердің 6 арызы қаралды. ККО шешімдерінің негізінде 4 мектеп директоры мен 1 балабақша меңгерушісі атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, бір мектеп директорына сөгіс жарияланды.

БССҚЕ осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырады.

Бару арқылы профилактикалық бақылау

Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 2021 жылы облыстың 50 мектебіне профилактикалық бақылау жүргізді.

Бару арқылы профилактикалық бақылау барысында барлық 50 білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы заңнаманы бұзудың 352 фактісі анықталды, оның ішінде өрескел – 155, елеулі – 55, болмашы – 142.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және басқа да бұзушылықтар анықталды. Осылайша, 30 мектепте ҰБДҚ толтыру кезінде деректер бұрмаланған, 11 мектепте жұмыс оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкессіздігі, 19 мектепте құжаттаманы жүргізу және ресімдеу кезінде талаптарды сақтамау анықталды, 17 мектепте оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталмаған, 49 мектепте диплом бойынша мамандығы сабақ беретін пәніне сәйкес келмейтін педагогтер жұмыс істейді, 9 мектепте үйде оқыту бұзушылықпен жүргізіледі, 21 мектепте тәлімгерлік бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған, 28 мектепте материалдық-техникалық базаның нашар жарақтандырылуы және т. б.

Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша барлық 50 тексеру субъектісіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Сонымен қатар, нұсқаманың орындалуы бойынша 53 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Іле ауданы, Қ.Әзірбаев атындағы №15 ОМ-те бұзушылықтар анықталып, материалдар сотқа жіберілді. Дерартамент тарапынан мектеп директоры лауазымды тұлға ретінде 409-баптың 4-1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Білім саласындағы мемлекеттік бақылау

         2021 жылдың сәуір айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен облыстағы 4 мектеп қамтылды. Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында барлық мектептерде білім саласындағы заңнаманы бұзудың барлығы 22 фактісі анықталды, оның ішінде 14 өрескел бұзушылық, елеулі – 2, болмашы – 6. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 4 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

         Анықталған бұзушылықтардың басымы Мемлекеттік міндетті жалпыға білім беру стандартының талаптары бұзылғаны, атап айтқанда, 1 мектептің оқу жұмыс жоспары үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді, 2 мектептің сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкес келмейді.

        Білім беру қызметін ұйымдастыру қағидалары талаптарының орындалмауы: 2 мектепте әкімшілік мәліметтер нысандары бойынша білім беру мониторингі шеңберінде сенімді және толық ақпараттың болмауы, 4 мектепте атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмейтін педагогтер анықталды, 2 мектептің  сынып журналдарында білім алушыларына ағымдық бағалар немесе балл арқылы ағымдық бағалау, тоқсандық және жылдық бағалар қойылмаған.

         «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптары бұзылған: 2 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтерін бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге жағдайлар жасалмаған.

          Сонымен қатар, құжаттарды жүргізу бойынша 2 мектеп, материалдық-техникалық базалары төмен 1 мектеп және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 1 мектеп анықталды.

       Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді және білім саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Білім саласындағы мемлекеттік бақылау

         2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бақылау шараларымен 24 білім беру ұйымы қамтылды, оның ішінде 22 бару арқылы профилактикалық бақылау және 2 тіркелген өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бару арқылы профилактикалық бақылау облыстың 22 мектебіне жүргізілді. Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында барлық мектептерде білім саласындағы заңнаманы бұзудың барлығы 132 фактісі анықталды, оның ішінде 67 өрескел бұзушылық, елеулі – 17, болмашы – 48. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 22 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

         Анықталған бұзушылықтардың басымы білім беру қызметін ұйымдастыру қағидалары талаптарының орындалмауы: 12 мектепте әкімшілік мәліметтер нысандары бойынша білім беру мониторингі шеңберінде сенімді және толық ақпараттың болмауы, 20 мектепте атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмейтін педагогтер анықталды, ал 11 мектептің  сынып журналдарында білім алушыларына ағымдық бағалар немесе балл арқылы ағымдық бағалау, тоқсандық және жылдық бағалар қойылмаған.

         «Педагог мәртебесі» Заңының талаптары бұзылған: 14 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтерін бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге жағдайлар жасалмаған.

          Мемлекеттік міндетті жалпыға білім беру стандартының талаптары бұзылған: 7 мектептің оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкес келмейтіні және 4 мектепте денсаулықтарына байланысты үйден оқитын балаларға арналған жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмейді.

          Сонымен қатар, құжаттарды жүргізу бойынша 10 мектеп, материалдық-техникалық базалары төмен 9 мектеп және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 2 мектеп анықталды.

       Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді және білім саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалардан 17 өтініш тіркелді. Барлық тіркелген өтініштерге Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес тиісті шаралар жүргізілді. Оның ішінде аудандық білім бөлімі және мектепке  жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, өтініште көрсетілген дәйектер дәлелденді. Қорытындысында облыстық білім басқармасына аудандық білім бөліміне тиісті шаралар қолдану үшін хат жолданды және мектепке жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 409 бап 4-1 тармағына сәйкес мектеп директорына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

         2020 жылдың 10 айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен 29 мектеп қамтылды.  29 білім беру мекемелеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында білім саласындағы заңнаманы бұзған 164 факті анықталды, оның ішінде 48-і өрескел бұзушылық, 95-і елеулі, 21-і болмашы, бұзушылықтар ҰББДҚ толтыру, құжаттарды рәсімдеу және жүргізу, оқу үрдісін ұйымдастыру, кадрларлардың сапалық құрамы, МТБ жабдықталуы бағыттары бойынша. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша барлық мектептерге тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.
Бұдан басқа ұйғарымды орындау жөнінде жоспардан тыс 37 тексеру жүргізілді, барлық білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеру бойынша бұзушылықтар жойылған.
Азаматтардың өтініштерін қарау мақсатында 7 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның 5-де бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғаларға әкімшілік шара қолданылып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының                    2020  жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының                    2020  жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының                           3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтары нысандарының  27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г. Көбеноваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                          А. Аймағамбетов

 

Результаты согласования
11.05.2020 09:41:41: Кобенова Г. И. (Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки) – – cогласовано без замечаний

Результаты согласования
11.05.2020 12:04:50: Аргынгазин Г. А. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:11:44: Джумашев Г. С. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:57:48: Мылтыкбаева Л. Р. (Управление по координации деятельности территориальных органов) – – cогласовано без замечаний

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі

Скачать (XLSX, 26KB)