Мемлекеттік аттестаттау  туралы 

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттауды енгізу көзделуде.

Мемлекеттік аттестаттау МЖМБС талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізілетін болады.

Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білімдерін бақылау, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы және т. б. көзделеді.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы – бұл білім беру ұйымдарының өз қызметін тәуелсіз бағалау механизмі. Бұл механизм білім беру ұйымдарының қызметін бақылаудың халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады және олардың білім беру практикасын жетілдірудегі ұйымдардың тәуелсіздігі мен дербестігін ынталандыруға бағытталған.

Білім тілімдері бойынша бастауыш білім беру үшін екі пән, негізгі орта білім үшін үш пән және жалпы орта білім үшін төрт пән бойынша тестілеу көзделуде. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тестілеу екі салалы пән бойынша жоспарланған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізілетін болады.

Өзін-өзі бағалау нәтижелерін қарау барысында бақылау органы сарапшылардың жасырын болуы, білім беру ұйымының басшысымен бейне сұхбаттасу, бейнеконтенттерді ұсыну және басқалары сияқты бағалау элементтері мен принциптерін қолданады.

Бес жыл ішінде барлық балабақшалар, мектептер, колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтуі болжанып отыр, бұл білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады.

Жыл сайын 3000 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өту рәсімімен қамтылатын болады.

5 жыл ішінде мемлекеттік аттестаттаудан 15 мыңнан астам білім беру ұйымдары өткізіледі.

2019 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Биылдан бастап мектеп бітірушілерге ҰБТ жылына 4 рет – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсыруға мүмкіндік бар. Мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық     бірыңғай         тестілеуге   қатысуы     тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне     қатысып,    шекті балл         жинау        жеткілікті.

2018 жылдың қаңтар айында 7 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінде (ары қарай – ҰБТӨП) (Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы, Балхаш ауданының Бақанас ауылы, Панфилов ауданының Жаркент қаласы, Кеген ауданының Кеген ауылында, Алакөл ауданының Үшарал қаласында) тестілеуге 2972 талапкер қатысты. Талапкерлердің ең көп қатысқаны Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде -1075, Есік қаласындағы Райымбек атындағы орта мектепте -804.

ҰБТ бойынша ортақ балл – 59,6 (тиісті 140-тың).

26-28 наурыз аралығында тестілеу облыстың 14 ҰБТӨП-де өткізілді ((Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Алакөл ауданы Үшарал қаласы, Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Сарқан қаласы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы). Жалпы қатысушылар саны -8377, оның ішінде Есік қаласы -1929, І.жансүгіров атындағы ЖМУ-1445, Қаскелең қаласы-1445.

Орташа балл – 67,2.

Барлық талапкер естілеуден кейін сертификат алады. Әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге ақпараттық парақ берілді. Онда сол баланың таңдаған профиліне сәйкес бара алатын мамандықтар тізімі, әр мамандыққа бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының өту балы көрсетілген. Бұл бітірушіге ҰБТ-да жинаған балымен, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.