Білім саласындағы мемлекеттік бақылау

         2021 жылдың сәуір айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен облыстағы 4 мектеп қамтылды. Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында барлық мектептерде білім саласындағы заңнаманы бұзудың барлығы 22 фактісі анықталды, оның ішінде 14 өрескел бұзушылық, елеулі – 2, болмашы – 6. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 4 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

         Анықталған бұзушылықтардың басымы Мемлекеттік міндетті жалпыға білім беру стандартының талаптары бұзылғаны, атап айтқанда, 1 мектептің оқу жұмыс жоспары үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді, 2 мектептің сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкес келмейді.

        Білім беру қызметін ұйымдастыру қағидалары талаптарының орындалмауы: 2 мектепте әкімшілік мәліметтер нысандары бойынша білім беру мониторингі шеңберінде сенімді және толық ақпараттың болмауы, 4 мектепте атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмейтін педагогтер анықталды, 2 мектептің  сынып журналдарында білім алушыларына ағымдық бағалар немесе балл арқылы ағымдық бағалау, тоқсандық және жылдық бағалар қойылмаған.

         «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптары бұзылған: 2 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтерін бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге жағдайлар жасалмаған.

          Сонымен қатар, құжаттарды жүргізу бойынша 2 мектеп, материалдық-техникалық базалары төмен 1 мектеп және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 1 мектеп анықталды.

       Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді және білім саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған жоспарына сәйкес 2021 жылдың 05-06 мамыр күндері мемлекеттік қызметшілерге вебинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған жоспарына сәйкес 2021 жылдың 05-06 мамыр күндері мемлекеттік қызметшілерге вебинар өткізді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі тақырыбында өткен вебинарға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары қатысты.

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік корпорацияның «Е-Өтініш» жобасын іске асыру жөніндегі онлайн-семинарына қатысты

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік корпорацияның «Е-Өтініш» жобасын іске асыру жөніндегі онлайн-семинарына қатысты. Семинарға қатысушыларға «Е-Өтініш» жобасы бойынша толық ақпарат берілді.

Департамент басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне мониторинг және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында  Ақсу ауданының білім беру ұйымдарында болды

Департамент басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне мониторинг және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында  Ақсу ауданының білім беру ұйымдарында болды. Ауданда 41 мектеп, 8 балабақша, 29 шағын орталық, 3 қосымша білім беру ұйымы бар.

Бүгінгі күні 3095 (40%) оқушысы бар 31 мектеп штаттық режимде, 4503 (60%) оқушысы бар 10 мектеп қашықтықтан оқыту режимінде оқытылуда. 4 мамырдан бастап  6146 (80,8%) оқушы штаттық режимде, 1452 (19,1 %) оқушы қашықтықтан оқытуды жалғастырады.

Аудан мектептерінде 40 оқушыға үйден оқыту ұйымдастырылған, оның 16-сы жалпы білім беру бағдарламасымен, 24-і арнайы бағдарламамен оқытылады. 7 мемлекеттік балабақшада 985, 1 жекеменшік балабақшада 10 бала тәрбиеленуде. Карантиндік жағдайда 257 тәрбиеленушісі бар 28 кезекші топ жұмыс жасайды. 29 шағын орталықтағы тәрбиеленушілер саны -1104. Қосымша біліммен 585 оқушы қамтылған. Оның ішінде көркемөнер мектебінде – 475, музыка мектебінде – 110, спорт мектебінде -1130 оқушы. Қосымша білім беру жүйесін кеңейту мақсатында Сағабүйен ауылында музыкалық мектеп құрылысы қарастырылуда.

Ауылдық мектептерде 63 педагог кадрлардың жетіспеушілігі орын алады, оның ішінде орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика және басқа пән мұғалімдері.

Ауылдық мектептердегі келелі сұрақтардың бірі 4 мбит/секунд жылдамдықтағы кең жолақты Интернет желісіне қосылу. Ауданда осындай мектептер саны -22. Ағымдағы жылы мобильді интернет желісіне Кеңжыра, Тарас, Қарасу орта мектептерін, мамыр айының аяғына дейін кең жолақты Интернет желісіне Көшкентал, Кеңғарын, Қарасу, Шолақөзек орта мектептерін қосу жоспарлануда.

ҚР БҒМ 21.01.2021 жылғы №28 бұйрығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышына

ҚР БҒМ 21.01.2021 жылғы №28 бұйрығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышына сәйкес Департамент техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің біліктіліктері бойынша білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензияларға қосымшаларды қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.

Ақсу ауданы Жансүгіров кентіндегі Сиқымов атындағы орта мектепте болдым. Мектеп директоры Ибраимова Рахат Нығметовна мектеп жетістіктері туралы мақтанышпен айтып берді

Ақсу ауданы Жансүгіров кентіндегі Сиқымов атындағы орта мектепте болдым. Мектеп директоры Ибраимова Рахат Нығметовна мектеп жетістіктері туралы мақтанышпен айтып берді. 2008 жылдан бері мектепте шағын орталық жұмыс жасайды, 2011 жылдан бері мектеп 4 мектеп үшін тірек орталығы болып отыр. 2016 жылы мектеп жанынан ауданның алшақ жатқан 18 ауылының балалары тұру үшін 81 орындық интернат салынған. Мектепте 386 оқушы бар. Мектепте 68 педагог бар болса, соның 66,6% педагогтік аттестаттауды жаңа үлгіде өткен (2 педагог-шебер, 2 педагог-зерттеуші, 17 педагог-сарапшы, 15 педагог-модератор). Мектеп оқушылары оқуда, олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Мектептің педагогтік ұжымы облыстық «Үздік ауыл мектебі» (2017 ж.), «Мектеп жанындағы үздік интернат» (2018 ж.), «Үздік тірек орталығы» (2018 ж.), «Менің мектебім» (2018 ж.), «Үздік оқу-тәрбие жоспары» (2017 ж.) конкурстарының жүлдегері. 2019 жылы мектеп директоры Ибраимова Р.Н. облыстық «Үздік қолбасшы» конкурсында 2-орынды жеңіп алған. Мектептің материалды-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді, мектеп жанындағы интернатқа монша салынды, мектеп асханасы жеміспен жыл бойы  өз жылыжайынан қамтамасыз етіледі. Мектеп директорының жұмысты жетілдіру бойынша үлкен жоспарлары бар. Педагогтік ұжымның оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде мол жетістіктерге жетуіне шын жүректен тілек білдіргім келеді!

Департамент  басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева ағымдағы жылдың 5 мамырында облыстың қала және аудан білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн режимде кеңес өткізді

Департамент  басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева ағымдағы жылдың 5 мамырында облыстың қала және аудан білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн режимде кеңес өткізді. Облыс мектептерінде жылы дәретханаларды орнату және сыртқы дәретханаларды жою, мектептерде белгіленген талаптарға сәйкес бейнебақылау жүйесін орнату және т.б. мәселелер қаралды.  Аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.  Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмаларды орындауға шаралар қабылдау үшін ұсынымдар әзірленді.

Департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева тарапынан Ақсуауданы Жансүгіров кентіндегі “UStudy” тестілеу орталығының дайындығына мониторинг жүргізілді

Департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева тарапынан Ақсуауданы Жансүгіров кентіндегі “UStudy” тестілеу орталығының дайындығына мониторинг жүргізілді. Кездесу барысында орталық қызметкерлері ҰБТ және Ұлттық біліктілік тест өткізу бойынша жұмыстар, тестіленушілер үшін жасалған жағдайлар, санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталынуы туралы айтып берді. Орталықта100 орындық 3 аудитория бар.

Департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева 2021 жылғы 5 мамырда облыс активінің кеңесіне онлайн режимінде қатысты

Департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева 2021 жылғы 5 мамырда облыс активінің кеңесіне онлайн режимінде қатысты, онда облыс әкімі А.Ғ. Баталов өзінің жаңа орынбасары Арслан Момышұлы Дәндібаевты таныстырды. Бұған дейін ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметін атқарған.

Онлайн түрінде өтініштер беру тәртібін түсіндіру мақсатында колледж директорларымен бейне конференциялық байланыс арқылы кеңес өткізілді

Алматы облысының білім сапасында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2014 жылдың 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктері  бойынша бұрын берілген  білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеуде.  Онлайн түрінде өтініштер беру тәртібін түсіндіру мақсатында колледж директорларымен бейне конференциялық байланыс арқылы кеңес өткізілді.