2022 жылғы 8-11 ақпан аралығында         «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Таңжарық» бөбекжай-бақшасы МКҚК-да мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Таңжарық» бөбекжай-бақшасы» қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Балабақша қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына сәйкес келеді. Осыған байланысты аттестаттау комиссиясы «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Таңжарық» бөбекжай-бақшасы МКҚК-н «аттестаттауға» шешім қабылдады.

 

 

 

 

Leave a Reply