2022 жылғы 8-11 ақпан аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Ақбота» бөбекжайы-бақшасы» МКҚК-да мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен нысандары бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп және оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттау комиссиясы «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Ақбота» бөбекжайы-бақшасы» МКҚК-н «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

 

 

Leave a Reply