2022 жылғы 8-11 ақпан аралығында Іле ауданының «Заңғар» балабақшасында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия балабақша қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттау комиссиясы Іле ауданының «Заңғар» балабақшасын «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

 

 

 

Leave a Reply