«Jetisy Media» ақпараттық алаңында облыстың бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Педагогикалық этика және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимыл» тақырыбында брифинг өткіздім.

Департаменттің консультативтік-кеңесші органының жұмысы педагогтердің құқықтарын қорғаудың пәрменді нысаны болып табылады.

Проблемаларды шешудегі жеделдікке келетін болсақ, азаматтардың өтініштеріне дереу ден қою азаматтарды көшпелі қабылдау кезінде дамыды. Қабылдаулар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленісті азайтады, өйткені келушілер дереу туындаған мәселе бойынша білікті түсініктеме алатынын айта кету керек.

Департаменттің әлеуметтік желілер арқылы азаматтармен өзара іс-қимылы барған сайын дамып келеді. Тек 2021 жылы Департамент тарапынан әлеуметтік facebook, Instagram, telegram желілерінде 3792 пост жарияланды, оның ішінде басшының беттерінде – 1792 пост жарияланды.

Облыстың газеттерінде Департаменттің жұмысы туралы 70-тен астам мақала жарияланды. Алдыңғы брифингтер бойынша БАҚ-тың 60 жарияланымы көлемінде медиалық резонанс алынды

Қараша айында облыс аудандары бойынша «марафон» аяқталды – әр ауданның мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен кездесулер циклі.

Күн тәртібінде әрбір педагогті толғандыратын өзекті тақырыптар: білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы, оқушылардың қауіпсіздігі, басшылардың «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларын сақтауы, білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру және т. б. мәселелер қаралады.

Жыл басынан бері біздің әлеуметтік желілер арқылы жүгінген 83 респондент (педагогтер, ата-аналар) комментариилар мен түсініктемелер ғана емес, этикалық нормаларды бұзу, санаттар беру, жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінің нақты шешімдерін алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «жедел желісіне» 35 өтініш бойынша нақты шаралар қабылданды.

ЖАО-ның департамент ұсынымдарын қолдау жөніндегі жұмысын ерекше атап өткім келеді, бұл педагогтерді материалдық қамтамасыз ету, олардың жеке дамуы мәселелерін шешуге, түйісу нүктелерін табуға және жанжалды жағдайларды болдырмауға, Заңның талаптарын ұстануға мүмкіндік береді.

Leave a Reply