“Е-лицензиялау”

2021 жылғы қарашада Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің “Е-лицензиялау” мемлекеттік ақпараттық базасына мемлекеттік қызмет көрсетуге 7 өтініш түсті. Қарау қорытындысы бойынша облыстың 2 мектебіне лицензиялар мен лицензияға қосымшалар қайта ресімделді. Білім беру ұйымдары көрсеткіштерінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, ұсынылған ақпараттың толық болмауы себептерінен 4 өтініші (2-мектеп, 2-колледж) бойынша лицензияға қосымшалар беруден бас тартылды.

Leave a Reply