Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында соңғы кездесу Талдықорған қаласының мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен өткізілді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында соңғы кездесу Талдықорған қаласының мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен өткізілді. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың ерекшеліктері, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі, педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартпау бөлігінде “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау мәселелері талқыланды. Ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жасауға, ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

 

Leave a Reply