Білім бөлімінің бастығы Т.Б. Қастеевпен бірге Жаркент қаласындағы мектеп директорларымен жиналыс өткіздім. Оқу жылының аяқталуы, Жазғы мектептердің жұмысы, балалардың қауіпсіздігі, оның ішінде жедел басқару орталығына кіре отырып бейнебақылау орнату, дабыл түймесі, балалардың ішкі дәретханаларды қолдануы, оқу жұмыстары мен психологтардың жұмысы және т.б. мәселелер талқыланды. Департамент тарапынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына семинар өткізуді  ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетіледі.

       

Leave a Reply