2022 жылғы 22-25 ақпан күндері Еңбекшіқазақ ауданы, «Көктем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылғы 22-25 ақпан күндері Еңбекшіқазақ ауданы, «Көктем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия бөбекжай-балабақша қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттау комиссиясы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Көктем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесін «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply