2021 жылдың 27 қазанында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы А.Бейсеуов атындағы орта мектепте алдағы мемлекеттік аттестаттау аясында төртінші сынып оқушыларының байқау сынағын өткізді

2021 жылдың 27 қазанында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы А.Бейсеуов атындағы орта мектепте алдағы мемлекеттік аттестаттау аясында төртінші сынып оқушыларының байқау сынағын өткізді. Тестілеу бағдарламасының апробациясы сәтті өтті. Балаларға қазақ тілі мен математика бойынша тапсырмалармен электронды форматта жұмыс істеу қиын болған жоқ. Әр оқушы жұмысты аяқтағаннан кейін өз нәтижесін алды.

Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп басшылығымен, педагогтермен бірге 4, 9 және 11 сыныптарды алдағы тестілеуге дайындықты ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланып, әзірленді.