Қаратал аудандық білім бөлімінің және әдістемелік кабинет қызметкерлерімен балалардың қауіпсіздігі шараларын сақтау, қорытынды аттестаттау, бітіру кештері, мектептердегі тәрбие жұмысы, психологиялық қызметтің жұмысы және т.б. мәселелер бойынша кездесу өткізілді.

Мен Қаратал ауданында болдым. Ауданда 30 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 6 негізгі және 4 бастауыш мектеп, 8 балабақша, 1 қосымша білім беру ұйымы. 950 педагог жұмыс істейді. Оқушылар құрамы-7754. Аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Т.Оңғаров мектептерде Жазғы мектептерді ұйымдастыру, мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау, білім беру нысандарын салу және күрделі жөндеуден өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Жазғы мектептер ауданның 17 мектебінде ұйымдастырылған, 115 топта 1015 оқушы оқиды. №51, Римова атындағы орта мектепте, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектепте болдым. Ұлттық жобалар мектептерде сәтті жүзеге асырылуда: «Оқуға құштар мектеп», «Пікірсайыстар», «Мектепте өзін-өзі басқару». 26 мектепте пікірсайыс клубтары құрылып мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарының 182 оқушысы қамтылған. Аудандағы барлық мектептер санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталған.

Кербұлақ ауданының әкімі Сарыбаев Г.Т. нәтижелі кездесу өтті. Бірқатар ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мектептердегі қауіпсіздік жүйелері және т.б. мәселелер талқыланды. Барлық мектептерде ішкі дәретханалар жұмыс істеуі керек. Осы мәселелерді шешу үшін әкім шаралар қабылданатын болды.

Кербулақ ауданында болдым. Ауданда жалпы саны 52 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 7 негізгі, 12 бастауыш мектеп бар. 1620 мұғалім жұмыс істейді. Оқушы саны  – 8611. Аудандық білім бөлімінің бастығының м.а. Сағатова Г.Б. мектептердегі Жазғы мектептерді ұйымдастыру, мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау, білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Коронавирусқа қарсы вакцина алған педагогтар саны 1418 (87,5%) құрайды. Ауданның 10 мектебінде Жазғы мектептер ұйымдастырылған. Қарашоқы, №49, Сарыбастау орта мектептеріне бардым. Мектептерде ұлттық жобалар сәтті жүзеге асырылуда: «Оқуға құштар мектеп», «Пікірсайыстар», «Мектепте өзін-өзі басқару». Аудандағы барлық мектептер санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталған. Алайда кейбір мектептердегі ішкі дәретханалар ауылдық жерлерде сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығынан жұмыс істемейді.

Мониторинг жүргізу

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2 маусымнан бастап облыстың жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерінде ішкі дәретханалар болуы, бейнебақылау жүйелерінің болуы және олардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №32 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №49 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген стандарттары мен талаптарына сәйкестігі, материалдық-техникалық жабдықтау, мектептерде оқушыларға қауіпсіз жағдайлардың жасалуына мониторинг жүргізуде. 2021 жылдың 2-3 маусым күндері Көксу ауданындағы мектептерге мониторинг жүргізілді. Мониторинг Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның ХХХ отырысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

«Менің ұстазыма махаббатпен!» Әлеуметтік жобасы

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті толығымен «Менің ұстазыма махаббатпен!» Әлеуметтік жобасына қатысып мектептерге, колледждерге сыйлық ретінде «Білімді ел- Образованная страна» танымдық газетіне жазылды. Департамент басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызы осы басылымды ата-анасы ұзақ уақыт жұмыс істеген колледж және мектепті жазды! Бұл әкесі математика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары болып қызмет атқарған Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі және анасы география пәнінен сабақ берген Алтынсарин атындағы орта мектеп.

Мұқанова А.Қ. – І.Жансүгіров атындағы орта мектеп, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылы

Кулахметова А.С. – Кеген ауданы, Шырғанақ ауылы, И.Жұмағұлов атындағы орта мектебі

Қорғанбаев М.Б. – Сәтпаев атындағы орта мектеп, Жансүгір ауылы, Ақсу ауданы,

Омарова Г.С. – Пушкин атындағы орта мектеп, Үштөбе қаласы, Қаратал ауданы

Исагалиева Г. Д. – Еңбекшіқазақ ауданы, Ашыбұлақ елді мекені, Бубенцов атындағы орта мектеп

Жұмалиева Г.Қ. – Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, №11 орта мектеп

Жексенбаев А.Қ. – Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Терібаев атындағы орта мектеп

Ажикенова Г.С. – Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп

Орынбаева В.В. – Талдықорған қаласы, Абай атындағы №1 мектеп-гимназия

Сарсимбекова Г.А. – Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, №21 орта мектеп

Джумажанова Н.К. – Мұратбаев атындағы мектеп, Б.Сырттанов ауылы, Ақсу ауданы

Біз бәріңізді осы керемет жобаға қатысуға шақырамыз, әркім өздерінің сүйікті, ең жақсы газетін қолдау көрсету үшін өз үлестерін қоссын. Газеттің әр жаңа саны мұғалімдерге ұнайтын болсын, олар өз жұмысында қажет және маңызды көптеген пайдалы ақпараттар ала алады!