Бүгін азаматтарды қабылдау күні. Шонжа политехникалық колледжінің Мурдинова У.А., Шарипова Н.Х. деген оқытушылары педагогтердің аттестаттаудан өтуі мәселесі бойынша келді. Педагогтерге ҚР БҒМ №83, №192 бұйрықтарына сәйкес аттестаттау және біліктілік тағайындау ережелері түсіндірілді.

Мектептердің атаулары өзгеруіне байланысты Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімі тарапынан жалпы білім беретін мектептердің лицензияларын және лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу жұмысы жалғасуда. Онлайн түрінде өтініштер беру тәртібін түсіндіру мақсатында Кербұлақ ауданы мектептерінің директорларымен бейнеконференциялық байланыс арқылы кеңес өткізілді.

Комиссия отырысына қатысты

2021 жылдың 26 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. Алматы облысы білім басқармасының 2021-2022 оқу жылына орта буын және жұмысшы біліктіліктері мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысына қатысты.

      Отырыс барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», орыс тілінде оқытатын «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі» сияқты, тіпті облыс орталығында да тапшылығы байқалып отырған, сұранысы жоғары педагогтік мамандықтар бойынша орындарды көбейту туралы ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты оқу орнының бейіні бойынша орналастыру ұсынылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының аясында Сарқан ауданында болдым. Ауданда 30 мектеп, 11 балабақша және 1 Балалар шығармашылығы үйі бар. Білім бөлімінің басшысы Иманғазиева Панар Ануарбековна білім беру ұйымдарында 1166 педагог жұмыс жасайтынын атап өтті. Оның ішінде 1120 педагог коронавирусқа қарсы вакцина алған. Мектептерде Жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылған, 5-8, 10 сынып оқушылары оқиды. Кең жолақты интернет 17 мектепте орнатылған, қалған 13 мектептегі интернет жылдамдығы 4мб/с. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында Екіаша орта мектебінде (директоры Ибраева А.Е.) ішкі дәретханалар қарасытырылған күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мектеп 1969 жылы 640 орынға мөлшерленіп салынған, қазір 446 оқушы оқиды. Күрделі жөндеудің аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілдесі. Әңгімелесу барысында мектеп қауіпсіздігі, тәрбие және мектептің психологиялық қызметі жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. мәселелер талқыланды.

       Ескелді ауданы Баисов ауылындағы Т.Рүстембеков атындағы орта мектепте (мектеп директоры Мұсаханов Н.) болдым. Мектеп 1976 жылы 640 орынға арналып салынған. Мектепте 262 оқушы, 42 педагог бар. 2020 жылдың шілде айында мектеп ғимаратына ішкі дәретханалар, жаңа модификациялы кабинеттер т.б. қарастырылған күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  Күрделі жөндеудің аяқталу мерзімі 2021 жылдың 30 мамыры.

        Санитарлық-гигиеналық жағдай мониторингі аясында Көксу ауданында болдым. Ауданда жалпы саны 25 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп бар. Ауданда ішкі дәретханалар салу жұмысы жоспарлы түрде жүргізілген. Білім бөлімінің басшысы Сейтниязов Т. ішкі дәретханалар 2019-2020 оқу жылында 8 мектепте орнатылса, 2020-2021 оқу жылында 4 мектептің ішкі дәретханаларында ағымды жөндеу жүргізілді деп атап айтты. Жуырда Қаратал бастауыш мектебінде ішкі дәретханалар орнатылды. Сонымен аудан көлеміндегі 25 мектептің барлығында ішкі дәретханалар жұмыс жасауда!

Санитарлық-гигиеналық жағдайлар мониторингі аясында Жамбыл ауданында болдым. 2021 жылы ауданда «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 25 мектепке ішкі дәретханалар орнату жұмыстары жүргізілген. Қалған 8 мектепте ішкі дәретханалар әлі орнатылмаған. Білім бөлімінің бастығы Б.К.Бейсенаева Бірлік, Бұлақ, Үшбұлақ, Жаманты, Ақдала бастауыш мектептері үшін сметалық құжаттама жасалып, қажетті қаражат бөлінгенін, МСА порталында 5 лот бойынша конкурс жарияланғанын атап өтті. Көкдала бастауыш мектебіндегі дәретхана мәселесі 2021 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында модульдік мектептің салынуы есебінен шешіледі. Тарғап және Т.Сәрсенбеков орта мектептерінде ішкі дәретханаларды орнату мәселесі ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектептерге күрделі жөндеу жүргізу есебінен шешілетін болады.

Қарасай ауданы аймағындағы санитарлық-гигиеналық жағдай мониторингі аясында Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебінде болдым (мектеп директоры Накысбеков Д.С.). 1978 жылы салынған 625 орындық мектепте мыңнан астам оқушы оқиды. Мектепте ішкі дәретханалар әлі орнатылмаған. Аудандық білім бөлімінің бастығы А.Қ.Жандыбаеваның белсенді ұстанымымен үнемдеу есебінен ішкі дәретханаларды орнатуға қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүріп жатыр, мектеп дәретханалары шілде айында орнатылады!

Еңбекшіқазақ ауданы аймағындағы санитарлық-гигиеналық жағдай мониторингі аясында Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте (мектеп директоры Койайдаров Н.И.) болдым. 1977 жылы 640 орынға арналып салынған мектепте 607 оқушы білім алады. Мектепте ішкі дәретхана қарастырылмаған. 2020 жылдан бастап мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама, техникалық қорытынды дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Күрделі жөндеудің мерзімі анықталмаған. Бүгінгі күні мектепте дәретхана мәселесі  шешілмей тұр. Департамент тарапынан облыс әкіміне және білім басқармасына ішкі дәретхана мәселесін шешуге шаралар қабылдау туралы хаттар жолданады.

Талғар ауданы өңіріндегі санитарлық-гигиеналық жағдай мониторингі шеңберінде Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепте болдым (мектеп директоры Катранова А.К.). 1965 жылы 640 орынға арналып салынған мектепте 762 оқушы оқиды. Мектепте ішкі дәретхана орнатылмаған. Мектеп ғимаратына жобалық-сметалық құжаттамасына ішкі дәретхананы жөндеу жұмыстары кіретін күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Жөндеу уақыты әлі анықталмаған. Осыған байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы К.Садвакасова мәселені шешуге қазіргі уақытта үнемдеу есебінен ішкі дәретханаларды орнатуға қажетті көлемді анықтау үшін есептеулер жүргізіліп жатқандығын атап өтті.