2021 жылдың 17-19 тамыз аралығында “Ustady” өңірлік орталығында 2021-2022 оқу жылына докторантураға түсуге электрондық форматта емтихандар өткізіледі

2021 жылдың 17-19 тамыз аралығында “Ustady” өңірлік орталығында 2021-2022 оқу жылына докторантураға түсуге электрондық форматта емтихандар өткізіледі. Емтихан эсседен, докторантурада оқуға дайындық тестінен және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарынан тұрады. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері тестілеуді өткізу ережелерінің сақталуына бақылаушы ретінде қатысады.

17 тамыз қорытындысы бойынша тестілеуге 34 адам қатысты, оның ішінде емтихан тапсыру кезінде телефонды пайдаланғаны үшін бір қатысушының нәтижесі жойылды.

Leave a Reply