“І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті” ректоры – КЕАҚ басқарма төрағасы К.М. Баймырзаевпен кездесу өтті

“І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті” ректоры – КЕАҚ басқарма төрағасы К.М. Баймырзаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында болашақ педагогтерді сапалы даярлау мәселелері талқыланды. Осы мақсатта университетте жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық даярлаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлары жасалған. Мамандарды даярлауда құзыреттілік тәсіл басым болып табылады, ол қазіргі кезеңде мектеп бағдарламасында қиындық тудыратын жерлерін меңгеру, мектеп курсындағы пәннің теориялық негіздерін, әдістемелердің теориялық негіздерін білу, оқыту әдістерін қолдана білу, оқыту әдістемесін меңгеру және оқу пәндерін оқыту міндеттерін білуді қамтиды.

Leave a Reply