
Талғар қаласындағы облыстық санаторлық үлгідегі мектеп-интернатының директоры Қайрат Айтбекұлы Әбдібековпен кездесу өткізді. Мектеп-интернатта денсаулығына байланысты 1-9 сынып аралығындағы балалар білім алады. Оқумен қатар күшейтілген тамақтану және 250 оқушы үшін жалпы сауықтыру жұмыстары ұйымдастырылған. Мектеп-интернатта 30 мұғалім және 26 тәрбиеші қызмет атқарады. Жақсы материалдық-техникалық база, білікті педагогтер оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруға ықпал етеді. Директормен әңгіме барысында білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып, оқу үрдісінің ерекшеліктері, педагогтерді аттестаттау, білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау және т. б. мәселелер қозғалды.