Жамбыл ауданы «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері Жамбыл ауданы «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» ЖШС қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

«Мамажанова Улжан» «Айлы» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply