Білім саласындағы мемлекеттік бақылау

         2021 жылдың сәуір айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен облыстағы 4 мектеп қамтылды. Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында барлық мектептерде білім саласындағы заңнаманы бұзудың барлығы 22 фактісі анықталды, оның ішінде 14 өрескел бұзушылық, елеулі – 2, болмашы – 6. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша 4 мектепке тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

         Анықталған бұзушылықтардың басымы Мемлекеттік міндетті жалпыға білім беру стандартының талаптары бұзылғаны, атап айтқанда, 1 мектептің оқу жұмыс жоспары үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді, 2 мектептің сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкес келмейді.

        Білім беру қызметін ұйымдастыру қағидалары талаптарының орындалмауы: 2 мектепте әкімшілік мәліметтер нысандары бойынша білім беру мониторингі шеңберінде сенімді және толық ақпараттың болмауы, 4 мектепте атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келмейтін педагогтер анықталды, 2 мектептің  сынып журналдарында білім алушыларына ағымдық бағалар немесе балл арқылы ағымдық бағалау, тоқсандық және жылдық бағалар қойылмаған.

         «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптары бұзылған: 2 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтерін бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге жағдайлар жасалмаған.

          Сонымен қатар, құжаттарды жүргізу бойынша 2 мектеп, материалдық-техникалық базалары төмен 1 мектеп және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 1 мектеп анықталды.

       Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен кеңес өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді және білім саласындағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply