Балалар құқығын қорғау

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары А.С.Құлахметова Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.
Комиссия отырысында 2020-2023 жылдарға арналған Бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы 2021 жылдың қорытыдынсы, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық комиссия қызметін талдау, олардың қызметінің тиімділігі, 2022 жылға арналған жұмыс жоспары, комиссияның V отырысының хаттамалық шешімдерін орындау мәселелері қаралды.


ЗАЩИТА ПРАВ ДЕТЕЙ

1. Мониторинг

2. Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Алматинской области

3. Участие в проверках с другими органами и рассмотрение материалов

4. Информационно-разъяснительная работа, работа со СМИ, социальными сетями

С 2020 года в целях усиления контроля по вопросам защиты прав детей в структуру ДОКСО входит штатная единица заместителя руководителя.

В департаменте подготовлена база данных детей-сирот, оставшихся без попечения родителей. В целях оказания неотложной помощи в случае нарушения прав детей комитетом по защите прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан создан чат «Защита ребенка» в сети «Телеграмм». Заместитель руководителя Департамента рассматривает все вопросы, адресованные в чат, ежедневно отвечает в рамках закона и при необходимости оказывает помощь в пределах своей компетенции. Было рассмотрено  более 100 обращений, по всем обращениям вопросы решены, оказана помощь.

Скачать полностью ⇓


Кулахметова Айымгуль Саиновна — балалардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша департамент басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті “Бақыт отбасынын басталады” атты республикалық бейне интернет – жоба конкурсының басталғандығын жариялайды

Кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 “Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы” қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген хабарлайды  (ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 18 наурыздағы № 122 қаулысы).

         Алматы облысы әкімдігінде құрылған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына Департамент басшысының орынбасары Айымгуль Саиновна Кулахметова (байланыс телефоны 87022573790) енгізілді.

         Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ереже Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай мемлекеттік тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді.

 


Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік мониторингтік топ Есік қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Алматы облыстық арнайы мектеп-интернатына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында мекеме ғимаратының жағдайы мен аумағы, материалдық-техникалық база, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары зерттелді.

Мектеп-интернатта оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. 25 сыныпта 173 оқушы оқиды. Мектеп-интернатта 43 мұғалім, 22 тәрбиеші жұмыс істейді. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері әлеуметтендіру мақсатында жалпы білім беру стандарттары мен Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. Мектеп-интернатта оқу корпусы, асхана, жатақхана, кір жуатын орын, бассейн, монша бар. Жатақхананың әр қабатында орналасқан дәретханалар талаптарға сәйкес келеді. Кітапханада көркем және оқу әдебиетінің қоры жеткілікті. Сыныптар мен кабинеттерде мектеп жиһаздары мен жабдықтары заманауи талаптарға сәйкес келеді. Жатақханаларда жиһаз және жұмсақ мүкәммалдар жаңартылған. Арнайы білім беру, ойын кабинеттері бар.

Балалар жатын бөлмелеріндегі жиһаз, жұмсақ жабдықтар заман талабына сәйкес жаңартылған. Бейнебақылау жүйесі орнатылған. Интернатта арнайы күзет (“Отис” мамандандырылған күзет қызметімен шарт жасалды), дабыл түймесі бар.

 


Департамент жанындағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік мониторингтік топ Есік қаласындағы Алматы облыстық Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында мекеме ғимаратының жағдайы мен аумағы, материалдық-техникалық база, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары зерттелді.

Мектеп-интернатта оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. 19 сынып жиынтығы 182 оқушымен қамтылған. 37 мұғалім, 32 тәрбиеші жұмыс істейді. Оқу үдерісі оқушыларды әлеуметтендіру талаптарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек, ағаш ұстасы және тігін ісі.

Мектеп-интернатта оқу корпусы, асхана, жатақхана, шеберхана, кір жуатын орын, монша бар. Жатақхананың әр қабатында орналасқан дәретханалар талаптарға сәйкес келеді. Кітапханада көркем және оқу әдебиетінің қоры жеткілікті. Арнайы білім беру, ойын кабинеттері бар. Сыныптар мен кабинеттерде мектеп жиһаздары мен жабдықтары заманауи талаптарға сәйкес келеді. Жатақханаларда жиһаз және жұмсақ мүкәммалдар жаңартылған. Сонымен қатар, мектеп-интернат күрделі жөндеуді қажет етеді.

 

 


 

Алматы облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік мониторингтік топ ҚР БҒМ 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 142 «Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 25 қазанында Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатына  мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында мекеме ғимараты мен аумағының жағдайы, материалдық-техникалық база, сондай-ақ тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайлары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету зерделенді.


2021 жылдың 30 маусым күні Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары А.С.Құлахметова Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.С. Құлахметова 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысының білім басқармасы және Талдықорған қалалық әкімдігінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифингте А.Құлахметова Департаменттің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қызметі, ата-аналардың жауапкершілігі және 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған республикалық, облыстық, қалалық деңгейлерде өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.


Департаменті басшысының орынбасары А.Құлахметова Талдықорған қаласының прокуратурасымен бірге «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық мамандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген тексеруге қатысуда.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 142 «Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы» бұйрығы негізінде Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік мониторингтік топ құру жұмысы жүргізілуде

 


Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.Құлахметова Панфилов ауданының прокуратурасымен бірге «Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаты» мекемесіне жүргізілген тексеруге қатысты.


Балаңыздың қалыптасуының барлық кезеңдерінде бірге болыңыз


 



Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі – ППТК) қызметіне мониторинг жүргізді.

Облыста 19 ППТК бар, Қазақстан Республикасы Білім дәне ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы  №66 «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сабақтың ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты 20-40 минут аралығында жүргізілетіндіктен осы уақытқа дейін 2842 баламен жұмыс жүргізілген, кезекте тұрған баланың саны-2687.

Қызметкерлер штатын кеңейту қажеттілігі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтардың тапшылығы анықталды. Мониторинг барысында анықталған барлық проблемалар қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.


Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (бұдан әрі – ПМПК) қызметіне мониторинг жүргізді.

Облыста 7 ПМПК бар: Талдықорған, Есік, Талғар, Жаркент, Үшарал қалаларында, Өтеген батыр кенті, Кеген ауылы. Бұлар мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы қызмет көрсету үшін жеткіліксіз. Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 756603 бала тіркелген. Норматив бойынша бір ПМПК-ға 60 мың бала келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді сапалы жүзеге асыру үшін қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашу қажеттілігі бар. Сондай-ақ қызметкерлер штатын кеңейту қажеттілігі және қажетті жабдықтардың тапшылығы бар. Мониторинг барысында анықталған барлық проблемалар қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

 

 


 

Мектептегі жәбірлеу

Көбінесе балалар мен жасөспірімдер агрессия мен психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бұл әлеуметтік проблема бүкіл әлемде апаттың ауқымына ие болып, әртүрлі елдердің үкіметтерін оның алдын-алу үшін заңнаманы жедел жетілдіруге және тиімді алдын-алу шараларын жасауға мәжбүр етеді. Қазақстанда да балалар жиі зорлық-зомбылық құрбаны болады. Әрі бұрыннан және аяусыз, суицидқа дейін жеткізеді.

Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық бастама көтерді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Динара Закиева “жәбірлеу” ұғымын қолданыстағы екі заңға –”Білім туралы” және “Бала құқықтары туралы” заңға енгізу жоспарланғанын хабарлады.

         Департаменттің құзырына 2020 жылдан бастап Балалардың құқықтарын қорғау функциясы енгізілді. Балалардың құқықтары бұзылған, жәбірленуіге ұшыраған, зорлық-зомбылық көрген  жағдайда Департамент басшысының орынбасары Құлахметова Айымгүл Сайынқызына, 87022573790 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.


 

2021 жылдың 3 наурызы күні  Департамент басшысының орынбасары А.Құлахметова аудандық, қалалық білім бөлімдерімен қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандарымен өткізген «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету» туралы онлайн бейне конференц байланыс жиналысқа қатысты.

3 марта 2021 года заместитель руководителя Департамента А. Кулахметова приняла участие в онлайн видеоконференции «Обеспечение прав детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей», для специалистов по опеке и попечительству районных, городских отделов образования Алматинской области.


2021 жылдың 23 ақпаны күні Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары А.С.Құлахметова аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдары мамандарымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету сұрағы бойынша бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізді.


Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құлахметова Айымгүл Сайынқызы осы жылдың 3 қарашасы күні Қазақстан коммунистік халық партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қорғау және балаларды қорқыту шаралары» дөңгелек үстеліне қатысты.

 

 

 

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  🔷 ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Telegram мессенджеріндегі «BALA QORǴAÝ» чатына мектеп бітіруші түлек Дәрия Дарханқызынан «Мәртебелі мұғалім деген мамандық иелерін құрметтейік! Ұстаздарымыздың беделі мен абыройына сыйлық беріп нұқсан келтірмейік!» челленджі бастау алғандығы туралы  келіп түскен хатын бір ауыздан қолдайды.

Мектеп бітіруші түлектің бұл бастамасы орынды болғандықтан қолдап, Дәрияның хатын қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз. Құрметті оқырман, Сіз де бұл челленджді қолдайды деген ниеттеміз!

 


📢 #ҰСТАЗДЫСЫЙЛА