Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Департаменттің бөлім басшысы Г.С. Ажикенова Көксу ауданының мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен кездесу өткізді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Департаменттің бөлім басшысы Г.С. Ажикенова Көксу ауданының мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен кездесу өткізді. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың ерекшеліктері, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі, педагогтарды өзіне тән емес функцияларға (жөндеу, артық есептілік, сенбіліктер, халық санағы және т.б.) тарту бөлігінде “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңының нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Педагогтер және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Leave a Reply