Ағымдағы жылдың 26 қазанында БКБ режимінде білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге (ББЖМ) алғаш рет қатысатын облыстың 7 колледжінің басшыларымен нұсқама өткіздік

Ағымдағы жылдың 26 қазанында БКБ режимінде білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге (ББЖМ) алғаш рет қатысатын облыстың 7 колледжінің басшыларымен нұсқама өткіздік. ББЖМ –  тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады және жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс студенттері үшін оқыту тілінде АКТ қолдана отырып кешенді тестілеу нысанында өткізілетін болады. ББЖМ 2021 жылғы 2-6 қарашада Қапал кәсіптік-техникалық колледжінде, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде, Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде, Қапшағай көпсалалы колледжінде, Алматы экономикалық колледжінде, Талдықорған жоғары медициналық колледжінде, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінде өткізіледі. Барлығы кешенді тестілеуге 2 курстың 1510 студенті қатысады.

 

Leave a Reply