Мемлекеттік аттестаттауды өткізу шеңберінде «Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Заречный ауылындағы №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ кешенді тестілеу жүргізілді.
Кешенді тестілеу 4-сыныпта оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) екі пән (оқыту тілі және математика) бойынша жүргізілді, 9-сыныпта оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) үш пән (оқыту тілі, математика, инварианттық компонент пәні (нұсқаға байланысты)) бойынша жүргізілді, 11-сыныпта оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) төрт пән (оқыту тілі, математика, 2 инварианттық компонент пәндері (нұсқаға байланысты)) бойынша жүргізілді.