«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы» МКҚК қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply