
Мемлекеттік аттестаттау өткізу шеңберінде «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Тарас негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де 2022 жылдың 19 мамырында кешенді тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 4, 9 сыныптардың 11 оқушысы қатысты. Білім алушылардың тестілеуге қатысуы 100 пайыз көрсетті. Тестілік бақылау Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді.