Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде консультативтік-кеңесші орган – білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 24 мамырында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде консультативтік-кеңесші орган – білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 57-бабы 3-тармағына сәйкес консультативтік-кеңесші орган білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны білім беру ұйымын қайта құруға байланысты қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және ашық түрде қарау үшін құрылып, жұмыс жасауда.

Leave a Reply