Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының брифингі

05.08.2021 ж .Алматы облысының “Жетісу Медиа” Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаеваның қатысуымен 2021-2022 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша брифинг өткізілді.

Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Департамент тарапынан 1-11 сыныптарға арналған оқулықтарға қажеттілікті анықтау бойынша мониторинг жүргізілді. Жаңа оқу жылында 446 мыңға жуық оқушы контингенті күтілуде, оның ішінде 46 жарым мың бала бірінші сынып оқушылары деп болжануда.

Жергілікті атқарушы орган 1-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен, 3-сыныпқа арналған “Цифрлық сауаттылық”, 8-сыныпқа арналған “Информатика” сатып алуға және жеткізуге шарттар жасады. Биыл 1 сынып оқушылары үшін 48407 оқулық жиынтығы сатып алынды. “Информатика” бойынша жаңа оқулықтарды 3 сыныптың 47669 оқушысы, 7 сыныптың 43579 оқушысы, 8 сыныптың 40902 оқушысы алады.

2-11 сыныптар үшін жетіспейтін оқулықтарды қосымша сатып алу қажеттілігі 38 мың 697 дана оқулықты құрайды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган 2-11 сыныптар үшін жетіспейтін оқулықтарды толық көлемде сатып алу бойынша шаралар қабылдауда.

Оқулықтар 12 баспадан жеткізіледі. Әр мектепте әр сынып үшін күні мен уақыты көрсетілген оқулықтарды беру кестесі бар.

Тағы бір мәселе – мектеп оқушылары үшін санитарлық-гигиеналық ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Облыста 743 мектепте жылы ішкі дәретханалар бар. 17 (2,2%) мектепте жылы дәретханалар орнатылмаған.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 5 мектепте жылы ішкі дәретханалар орнатылады. Қалған 12 мектепке қатысты: 4 мектеп салынып, 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. 5 мектеп бойынша мәселе облыс әкімдігінің бақылауында. Қажетті жұмыс жүргізілетін болады.

Спикер жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға қысқаша тоқталды. Бірінші сыныпта “Әліппе”, “Ана тілі”, “әліппе”, “сауаттылыққа оқыту”, “цифрлық сауаттылық”пәндері енгізіледі. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өткізіледі.

Өткен жылы шешім қабылданған шешім бойынша оқушыларға оқу жылында мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік берді. Биылғы оқу жылында тағы бір жылға мектеп формасын киюді міндетті емес ету туралы шешім қабылданды.

Leave a Reply