Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінде 2013 жылдың 8 қаңтарында «дөңгелек үстелі» өткізілді.

Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінде 2013 жылдың 8 қаңтарында облыс мектептерінің дене тәрбиесі жағдайының проблемалары және Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің жергілікті басқару ұйымдарымен және аймақтық дене тәрбиесі оқу-практикалық орталығымен бірлескен іс-әрекеті жөніндегі «дөңгелек үстелі» өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына департамент директоры С.Н.Қабимолдаева, бас маманы В.В.Орынбаева, облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Р.А.Хамитов, облыстық білім басқармасының бас маманы К.Нурпеисова және аймақтық дене тәрбиесі оқу-практикалық орталығының мамандары Т.Н.Уварова, А.Д.Абжаков, А.Д.Естібаевтар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бірлесіп жүргізілетін жұмысты күшейту мақсатында облыс мектептерінің дене тәрбиесі жағдайының және спорттық-бұқаралық жұмысындағы проблемаларын айқындау, аймақтық дене тәрбиесі оқу-практикалық орталығы мен жергілікті басқару ұйымдары тарапынан білім беру мекемелеріне методикалық көмек көрсету жөніндегі бірқатар ұсынымдар қабылдады.