Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша “Болашаққа 100 қадам” Медиа-жоспарын бекіту туралы

(Құжатты ашу үшін сілтемені басыныз)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы № 9 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» Медиа-жоспары (бұдан әрі – Медиа-жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар Медиа-жоспарда белгіленген іс-шараларды уақтылы және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Медиа-жоспарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру және оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                   Г.Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 9 өкімімен
БЕКІТІЛДІ

   Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды
ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» МЕДИА-ЖОСПАРЫ
(іске асыру мерзімі: 2015 жылғы қараша — 2016 жылғы желтоқсан)