2017-2018 оқу жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы

14.04.2018 жылы Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенкуловтың төралығымен өткен кеңесте берілген тапсырмасына сәйкес білім саласындағы бақылау Департаменті бақылау шаралары барысында ҰБТӨП дайындығына мониторинг, педагогтар және ата-аналармен кездесу барысында ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ҰБТ-ді өткізу ережелері, ЖОО орындарында оқу гранттары туралы ақпарат Департамент сайтына, облыс мектептерінің ата-аналар сайтында тіркелген. Департамент басшысы С.Досматованың ҰБТ-ді өткізуге байланысты мақаласы облыстық БАҚ беттеріне жарияланды, «Жетісу» газеті 24.05.2018 ж. №55 («Ұлттық бірыңғай тестілеу – маңызды сынақ»), «Огни Алатау» газеті 17.05.2018 ж. («ЕНТ – экзамен на знания и гражданственность»).

2017 жылы ҰБТ-ді өткізу форматы өзгертілді. Егер өткен жылдары ҚР «Білім туралы» Заңында «Ұлттық бiрыңғай тестiлеу – орта бiлiмнен кейiнгi немесе
жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандарымен
бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды
қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi»,  деп көрсетілсе, 2017 жылдан бастап ҰБТ-дің жаңа форматына  мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу болып бөліп,  маңызды өзгерістер енгізілді. Биылғы жылы мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау форматында өзгеріс жоқ болғандықтан, ҚР «Білім туралы» Заңының 1 бабы, 56 бөліміне былтырғы жылы енген  өзгерістерге сәйкес «ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны», екенін ескертеміз.

Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады, Заңның 6 бабына сәйкес білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру облыс және ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне жатады.

Бүгінгі күні (29 мамыр 9 маусым аралығында) өтетін білім алушыларды қорытынды аттестаттау тәртібі туралы қысқаша еске түсіріп кетейік. 2017-2018 жылдары мектеп бітіруші 4 міндетті пәннен және 1 таңдау бойынша пәннен қорытынды аттестаттау тапсыру міндетті.

  1. Ана тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиеті. 250-300 сөзден тұратын эссе жазу-3 сағат, Оқушыларға таңдауға бірнеше тақырыптар беріледі.
  2. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша – 5 сағат).
  3. Қазақстан тарихы, екі сұрақ және бір шығармашылық тапсырмадан тұратын билет бойынша ауызша емтихан.
  4. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен. 40 тест тапсырмасы берілген 3 блоктан тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым. 80 минут уақыт беріледі.
  5. Бейіні бойынша таңдау пәндері: шет тілі, (ағылшын, неміс, француз), биология, физика, дүние жүзі тарихы немесе әдебиет, география, химия, информатика немесе геометрия. 40 тест тапсырмасынан тұрады, 80 минут уақыт беріледі.

Аталған емтихандардар мектеп бітіруші оқыған мектебі базасында өтеді. Қорытынды аттестаттау қорытындысы бойынша жалпы орта білім туралы аттестат,  оның ішінде жалпы орта білім туралы үздік және  «Алтын белгі» аттестаты және«Алтын белгі» белгісі беріледі.

2018 жылы Қазақстаннның ЖОО-на түсушілер үшін 20 маусым-1 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтеді.

ҰБТ тапсыру механизмі өзгерген жоқ, 2017 жылдан ҰБТ форматы өзгертілді. Қазір ҰБТ екі блоктан тұрады – міндетті және бейіндік (таңдаған мамандығы және ЖОО бейініне байланысты): үш міндетті пән: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, барлық пәндерден 20 тапсырмадан. Таңдаған мамандыққа байланысты екі бейіндік пән, әрқайсысы 30 тапсырмадан тұрады. Жалпы 120 тапсырма беріледі. Максималды балл 140. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут.

2018 жылы ҰБТ тапсыру форматына енген жаңартулар:

– Бітіруші қолына ҰБТ тапсырғандығы туралы сертификатпен бірге мамандықтар тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпараттық парақ алады. Бұл мектеп бітірушіге ҰБТ-дан жинаған балына қарай дұрыс мамандық таңдауға көмектеседі.

– 2018 жылы бітірушілердің ҰБТ-ді өз еркімен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапсыруға мүмкіндіктері бар.

– ҰБТ тапсыру кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке көмекшіні, ымдау тілі маманын ұсынады.

– ҰБТ-де шекті деңгейден өте алмаған түлектерге, себепті жағдайлармен қорытындылары жойылған түлектерге тесті ақылы түрде қайта тапсыру мүмкіндігі сақталады. Бұл мыңдаған түлектерге жоғарғы білімге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Тесті қайта тапсыру 15-19 тамыз аралығында өтеді. 25 шілде 3 тамыз аралығында өтініштер қабылданады.

– ҰБТ қорытындысы бойынша түлектер гранттарға ие болады. Әр студент жоғары оқу орнын өзі таңдайды.

– Биылғы мемлекеттік білім гранттарының саны 50894, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14611 грантқа көбейген. Көбінесе бұл педагогикалық, техникалық мамандықтарға қатысты. Білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш 18-26 шілде аралығында қабылданады.

–  Мемлекеттік жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл саны – 50, «Ұлттық» статустағы жоғару оқу орындарына-65 балл, «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарына 60 балдан, «Жалпы медицина» мамандығына 65 балдан кем болмауы керек.

– Түлектер «Алтын белгі» иегері, халықаралық олимпиада, ғылыми жоба жүлдегерлері, спорттық жарыс жеңмпаздары болғаны үшін Жоғары оқу орнына тегін грантқа ие бола алмайды, тек ҰБТ нәтижесі бойынша балл саны бірдей болып, бір орынға бірнеше үміткер таласқан жағдайда ғана ескеріледі. Білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа жалпы негізде қатысады.

Тестілеу кезінде бірнеше мәрте тест тапсырмаларының сәйкессіздігі айғақтары немесе тестілеу нәтижелерін есептеудегі техникалық ақаулар анықталады. Түлек үшін әр балл маңызды болғандықтан бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалауда даулы мәселелерді шешу, тестілеу кезінде ҰБТ қатысушыларының құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссиялар құрылады.

Аппеляцияға өтінішті апелляция комиссиясы төрағасының атына тестілеуге қатысушының өзі береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініш  тестілеу нәтижелерін жариялағаннан кейін келесі күні күндізгі 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия 1 күн ішінде қарайды. Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат және ҰБТ рұқсаттама болу керек.

Кешенді тестілеу (КТ). Кешенді тестілеуді өткен жылдардағы мектеп бітірген түлектер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген түлектер, сонымен қатар, халықаралық алмасу бойынша шет елде оқыған оқушылар тапсырады. Биыл КТ 14-18 шілде аралығында өтеді, өтініштер1-20 маусым аралығында қабылданады.

ҰБТ барысындағы бақылау шаралары туралы. ҰБТ-2018 қарсаңында ЖОО-на түсу үшін тапсыратын емтихандар туралы ақпаратпен қатар, түлектерге тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы ақпарат бергенді жөн көрдік.

Қазақстанда Жоғары білім беру саласындағы бұзушылықтар, әсіресе жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар бүгінгі күні үлкен мәселе болып отыр. Осының алғашқы қадамы жоғары оқу орнына түсу барысында ҰБТ тапсыру аясында болады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында түлектерге тестілеу барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету шаралары нұсқалған.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру үшін, тестілеу өтетін пунктерге (ҰБТӨП) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігінің өкілдері жіберіледі. Олар аудитория, дәліз бойынша кезекшілер міндетін атқарады. Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегіш құралдар пайдаланылады. Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, жасы 16-ға толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі. Тест өтетін ғимарат, аудитория бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар тестілеу барысында ұялы байланысқа тосқауыл қоятын құралдар жұмыс жасайды. Аталған шаралар тыйым салынған заттарды пайдалануға және бөгде тұлғаның қатысу мүмкіндігіне жол бермейді. Тестілеуге кіргізу барысында немесе тестілеу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды, аталған түсуші тестілеуге жіберілмейді.

ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.

Жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан шығаруға жол берілмейді.

ҰБТ-ге берілген уақыт аяқталғанда түсуші емтихан материалдарын өңдеу үшін тапсырудан бас тартқан жағдайда, Министрлік өкілі Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде түсушінің емтихан материалдарды уақытында тапсырмау фактісінің анықталуы туралы акт жасайды.

ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады.

Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды.

Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді.

Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады.

Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.

Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.  Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.

Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді.

ҰБТ жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б.  «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма.

Сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады.

Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады.

Жалпы 120 сұрақ қойылады.  Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдегедейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

«Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ранайы гранттар бөлінеді.

ЖОО-на түсетін Техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілерге

Білімдерін ЖОО-да жалғастыру үшін техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілер тапсыратын ТКТ (талапкерлерді кешенді тестілеу) талаптары де өзгерді. Бұған дейін колледж түлектері тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, ТКТ-дің жаңа форматында колледждерде алынған білім ескеріледі.  Кешенді тестілеу барысында талапкерлер 60 сұраққа жауап береді: 20 тасырма – жалпы бейінді пән бойынша (бұл тапсырмалар арқылы базалық пән ойынша алынған академиялық білім деңгейі тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойынша (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған). 60 тапсырманы орындауға 100 минут уақыт бөлінеді.

Жалпы бейінді пән – белгілі бір мамандықтар тобына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», т. с.с.

Бейінді пән – нақты мамандықты игеруге қажетті пән. Мысал үшін,  болашақ математика мұғалимі үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін – «Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы» т.с.с.

Алматы облысы бойынша ҰБТ-ге дайындауға байланысты жүргізілетін ақпаратты-түсініктеме жұмысы туралы мәлімет

Алматы облысы бойынша ҰБТ-ге дайындауға байланысты жүргізілетін ақпаратты-түсініктеме жұмысы туралы мәлімет

          Білім және ғылым саласын бақылау Комитетінің 12 ақпан 2016ж. №10-6/261 ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру үшін ақпаратты-түсініктеме жұмысын жүргізу тапсырмасын міндетті түрде орындау және  Алматы облысы білім саласын бақылау Департаментінің (БСБД) 2016ж. ҰБТ ұйымдастыру және өткізуге байланысты қабылданған жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.

          24 ақпан 2016 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің базасында ҰБТ және ОЖСБ –ны ұйымдастыру және өткізуге байланысты облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысына БСБД басшысы С.Ж.Досматова, Алматы облысы білім басқармасы (облББ) басшысының орынбасары М.Т.Омарова, Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.О.Ағымбай, БСБД қызметкерлері қатысты.

         Семинарға ҰБТ және ОЖСБ-ны өткізуге жұмылдырғандар шақырылды: ҰБТ ӨО мемлекеттік комиссия өкілдері, облыстық білім беру басқармасы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, білім беру ұйымдарының басшыларымен мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығы, 11-сынып оқушылары, БАҚ.

          Семинар барысында БСБД басшысы С.Ж.Досматова қатысушыларға 2016 жылы ҰБТ және ОЖСБ өткізудің ерекшеліктерімен таныстырды.

         Семинар қатысушыларына 2016 ж. ҰБТ және ОЖСБ –ны өткізуге байланысты нормативті-құқықтық құжаттары туралы мәлімет, ҰБТ-дің  даму перспективасы, ҰБТ технологиясын бұзудағы көп кездесетін бұзушылықтар және оларды жоюға байланысты ҰБТ өткізу пунктеріндегі мемлекеттік комиссия және білім және ғылым Министрлігі өкілдерінің жұмысы туралы  мәліметтер таныстырылды.

        Семинардың өтілуіне байланысты БСБД басшысы С.Ж. Досматованың сұхбатына туралы репортаж  облыстық «Жетісу» ТРК жаңалықтарында  қазақ және орыс тілдерінде  көрсетілді. ҰБТ және ОЖСБ –ны ұйымдастыруға байланысты өткізілген ақпаратты-түсіндірме семинардың пресс-релизі және ата-ана, мектеп түлектеріне арналған жадынамалар білім саласын бақылау Департаментінің сайтында орналасқан.

        31 наурыз-1 сәуір аралығында ҚР БҒМ өкілдері үшін ҰБТ-ге байланысты оқыту семинары ұйымдастырылды, семинар жұмысына ҰТО директорының орынбасары Д.С.Жаксыбекова, БСБД қызметкерлері қатысты.

       Бақылау іс-шаралары барысында (аттестация, мониторинг, тексерулер) БСБД мамандарының тарапынан оқушылар, педагогтар, ата-аналар арасында ҰБТ өткізу Ережесіне туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        БСБД сайтында «Сұрақ-жауап» айдарында ата-ана, оқушы, мұғалімдер тарапынан ағымдағы жылдағы ҰБТ өткізуге байланысты сұрақтарға  жедел  жауаптар беріледі. ҰБТ  туралы мәліметтер апта сайын жаңартылады.

        БСБД өткізген семинар және түсіндірулер барысында ҰБТ –ді өткізу ретіне байланысты мәліметтер негізінде аудан (қала) БАҚ-да 35 мақала жарық көрді.

 

Алматы облысы бойынша 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу қорытындысы туралы ақпараты

 

      Алматы облысы бойынша 02-07 маусым аралығында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)  рәсіміне  Департамент тарапынан үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді –  семинарлар өткізілді, педагог мамандар, ата-аналар қоғамдастығы, мектеп бітірушілермен әңгіме жүргізілді.

ҰБТ кезінде мектеп бітірушілерге жағдай жасау туралы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, аудандық әкімшіліктермен жұмыс жүргізілді. ҰБТ рәсімі туралы ата-аналар, оқушылар, педагогтарға арналған жадынамалар аудандарға таратылды. Департамент басшысы С.Досматова ҰБТ ережелерін сақтау қажеттілігі туралы БАҚ сұхбат берілді.

2016  оқу жылының соңына облыс бойынша 13341 түлек мектеп бітірді, ҰБТ тапсыруға өтініш 9045 түлек жасады – 67,8%. ҰБТ-ға 8883 оқушы қатысты, пайыздық көрсеткішпен – 66,6%, өткен оқу жылында -66,5%.

ҰБТ ортақ баллы 79,56, өткен жылмен салыстырғанда (76,4) 3,16 балға жоғары. 1551 мектеп бітіруші (17,5%) шектік конкурс балынан төмен көрсеткіш көрсетті.  ҰБТ ӨП  нәтижелері бойынша 363 «Алтын белгі» белгісіне үміткердің 160 (44,7%) өз білімдерін дәлелдеді. Аппеляция есебімен 215  (59,2%)  өз білімдерін дәлелдеді.

ҰБТ технологиясын бұзғаны үшін25 мектеп бітіруші  шығарылды, оның ішінді:

Аудиториядан сұрақ-кітапшасын шығарғаны үшін – 17 (Жамбыл ауданы),

Бірнеше рет ұялы байланыс жүйесін қолданғаны үшін -8 (Алакөл ауданы, Қарасай ауданы).

Тестілеу барысында алынған тиым салынған заттар:

Ұялы телефон – 1172,

шпаргалкалар – 4647,

калькуляторлар – 57,

фотоаппарат – 1,

модем – 6,

наушниктер – 2

анықтамалық – 1.

Тиым салынған заттардың алынғаны 5886 (2015 ж. – 4040).     Өткен жылмен салыстырғанда 1867 данаға ұлғайды (45,7%).

2015 жылғы ҰБТ қорытындысы  бойынша ақпарат

2015 оқу жылының соңында  Алматы облысы бойынша 13947 түлек мектеп бітірді. ҰБТ-ға қатысуға 9590 бала өтініш берді, оның ішінде қазақ тілінде – 7668, орыс тілінде – 1922. ҰБТ рәсіміне 9280 мектеп бітіруші қатысты, бұл 66,5% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 4,8% төмен көрсеткіш (71,3%). Read More …

Алматы облысы бойынша 2014 жылы ҰБТ нәтижелері туралы ЕСЕП

 Алматы облысы бойынша 2014 жылы ҰБТ нәтижелері туралы ЕСЕП

        2014 жылы оқу жылының аяғында облыс бойынша түлектер саны 14361. ҰБТ –ге 10241 оқушы қатысты, ҰБТ –ге қатысу % 71,3 %, бұл былтырғы оқу жылы көрсеткішінен 1%  (70,3  %) жоғары.

        ҰБТ орташа балы 72,6  құрады, былтырғы оқу жылындағы көрсеткіштен 1,4 балға (71,2) жоғары.

       Алматы облысында ҰТО филиалдары 14 ҰБТ ӨО  орналасқан, Талдықорған, Қапшағай, Жаркент, Үшарал, Сарқан, Үштөбе, Қаскелең, Есік қалалары, Жансүгіров, Сарыөзек қалашықтары, Кеген, Шонжы, Ұзынағаш, Бақанас ауылдарында. Барлық пункттер ҰБТ –ді өткізу үшін жабдықталған. ҰБТ нормативті құжаттар талаптарына сәйкес ұйымдасқан түрде өткізілді. Сонымен бірге төмендегідей кемшіліктер де орын алды.

       Неғұрлым көп кездесетін бұзушылық- ұялы телефон, калькулятор, дайын жауптары бар парақтарды қолдану. Тестілеу кезінде рұқсат етілмеген заттар саны (4953 дана), тестілеу алдында тексеру барысында алынған рұқсат етілмеген заттар санынан көп (795 дана), бұл мемлекеттік комиссиялардың оқушыларды тестілеуге кіргізуде ұйымдастырудағы әлсіз жұмысын көрсетті.

          Тестілеуге кіргізу барысында оқушылардан рұқсат етілмеген заттар -795 дана:

-ұялы телефон-550

-дайын жауаптары бар парақтар-224

-калькулятор-18

-арнайы байланыс құралдары-1

-рация-2.

Тестілеу кезінде (аудиторияларда, әжетхана, дәліз) рұқсат етілмеген затар саны- 4953 дана;

-ұялы телефон-1168

-дайын жауаптары бар парақтар-3653

-калькулятор-111

-фотоаппарат-14

-арнайы байланыс құралдары-1

– USB -1,

-сим-карта – 1.

-рация-5.

     Кейбір тестілеу орталықтарында  оқушылар жаңа техникалық құралдарды пайдалануға әрекеттенді:

Қапшағай қаласы-арнайы байланыс құралы-1, WiFi ғаламтор-модемы-4;

Үшарал қаласы- Bluetooth-гарнитурасы – 2;

Қаскелең қаласы- WiFi ғаламтор-модемы-1.

       Аудиториялардан сұрақ-кітапшаларын алып шығу әрекеттеріне тосқауыл қойылды(Ұзынағаш ҰБТӨО-16, Жансүгіров қ. ҰБТӨО-4).

      Жансүгіров ауылында өрескел бұзушылық (сұрақ-кітапшаны аудиториядан шығарып белгісіз адамға беру) жасағаны үшін 1 түлек аудиториядан шығарылды.

 Департамент басшысы                                            К.К.Батырбаев