2019 жылы Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін бағалаудың өткізілуі туралы ақпарат

2019 жылдың 17-26 сәуір аралығында Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай-ОЖСБ) өтті. ОЖСБ-ды өткізу алдында жүйелі түрде жүргізілетін дайындық жүмыстары жүргізілді. 2019 жылдың 4 наурыз – 10 сәуір аралығында өткен Департамент күндері аясында облыстың барлық аудандырында (қалаларында) мектеп, білім бөлімі басшылары, педагогтер мен ата аналар арасында ОЖСБ сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №140 бұйрығымен Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің (ары қарай-БСБД) 12 маманы және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұсынысымен 80 мұғалім және мектеп директорларының орынбасарлары анықталып бекітілді.

2019 жылдың 16 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері және БСБД қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Министрлік өкілдері ОЖСБ-ны өткізудің мақсаты, сыныптар және пәндер бойынша өткізу технологиясы бойынша толық ақпарат алды. БСБД-нің 12.04.2019 жылғы №135-ө бұйрығымен министрлік өкілдері ОЖСБ өткізу пунктеріне бөлінді. Әр министрлік өкілі басшылық үшін электронды түрде құқықтық нормативтік құжаттар және ОЖСБ өткізу пунктері бойынша бағдар алды.

2019 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізуде министрлік өкілдері ұсынылған іс-әрекет жоспарын толық орындады.

Министрлік өкілдері, БСБД қызметкерлері ОЖСБ өткізу пунктеріне келу барысында аудитория дайындығын тексеріп, ОЖСБ-ны өткізуге жауапты мектеп әкімшілігімен, АББ (ҚББ) өкілдерімен кездесіп, кеңес өткізді. Тестілеудің алдында мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшілерімен оқушылардың тестілеудегі тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеудің барлық материалдары ҰБТӨП-ке жеткізіліп жауап парақтары сканерлеуден өткізілді және сәйкестендірілді. ОЖСБ-ның қорытындысы бойынша шығарылған ведомостар мектеп директорларына, министрлік, ҰБТӨП өкілдеріне ұсынылды. Тестілеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін сұрақ- кітапшалары ҰБТӨП-де жойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №140 бұйрығымен ОЖСБ-ға 17-25 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша 4 лекпен 107 білім беру ұйымы қатысты (І-17 сәуір, ІІ-19 сәуір, ІІІ-22 сәуір, ІV-23-25 сәуір аралығында) оның ішінде 53 білім беру ұйымында 9,11 сыныптарда компьютерлік тестілеу өтті.

Жалпы 4,9,11 сыныптар бойынша жоспарланған 20007 оқушыдан 18922 оқушы қатысты, бұл 94,6% құрады. Оның ішінде,

4 сыныптар -10146 (94,6%),

9 сыныптар – 6902 (94,5%),

11 сыныптар – 1874 (95%).

ОЖСБ-ға денсаулығына, басқа мектепке ауысуына, олимпиядаға және  облыстық Білім басқармасының бұйрығымен жарыстарға және т.б. шараларға қатысуына байланысты 1106 оқушы қатыспады, 21 оқушы басқа мектептерден ауысып келді.

ҰБТӨП мәліметі бойынша орта балл:

11 сыныптар бойынша максималды 100 балдан 50,65 балл, бұл 50,65%) (2018 жылы-53,9, 53,9%);

9 сыныптар бойынша максималды 75 балдан 33,36 балл, бұл 44,5%) (2018 жылы-30,72, 41%);

4 сыныптар бойынша максималды 30 балдан 16,86 балл, бұл 56,2%) (2018 жылы-17,32, 57,7%).

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың осы көрсеткіштері мектеп бітіруші 4,9 сыныптардың ОЖСБ нәтижелері 2018 жылмен салыстырғанда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын толық меңгермегеніне байланысты төмендегенінің айғағы және 9 сыныптардың нәтижесі шамалы көтерілгенін көрсетеді.

2019 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Биылдан бастап мектеп бітірушілерге ҰБТ жылына 4 рет – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсыруға мүмкіндік бар. Мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық     бірыңғай         тестілеуге   қатысуы     тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне     қатысып,    шекті балл         жинау        жеткілікті.

2018 жылдың қаңтар айында 7 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінде (ары қарай – ҰБТӨП) (Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы, Балхаш ауданының Бақанас ауылы, Панфилов ауданының Жаркент қаласы, Кеген ауданының Кеген ауылында, Алакөл ауданының Үшарал қаласында) тестілеуге 2972 талапкер қатысты. Талапкерлердің ең көп қатысқаны Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде -1075, Есік қаласындағы Райымбек атындағы орта мектепте -804.

ҰБТ бойынша ортақ балл – 59,6 (тиісті 140-тың).

26-28 наурыз аралығында тестілеу облыстың 14 ҰБТӨП-де өткізілді ((Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Алакөл ауданы Үшарал қаласы, Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Сарқан қаласы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы). Жалпы қатысушылар саны -8377, оның ішінде Есік қаласы -1929, І.жансүгіров атындағы ЖМУ-1445, Қаскелең қаласы-1445.

Орташа балл – 67,2.

Барлық талапкер естілеуден кейін сертификат алады. Әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге ақпараттық парақ берілді. Онда сол баланың таңдаған профиліне сәйкес бара алатын мамандықтар тізімі, әр мамандыққа бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының өту балы көрсетілген. Бұл бітірушіге ҰБТ-да жинаған балымен, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

2018 жылы өткен оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысы туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 07 наурыздағы №88 бұйрығына сәйкес 10-21 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша оқу жетістіктеріне сырттай бағалауға 142 білім беру мекемелері 6 лекте қатысты. Барлық қатысқан 4,9,11 сынып оқушы саны -11485. Жоспарланған оқушылар санының (12215) 94% құрайды, оның ішінде 4 сынып -6030 (94,6%), 9 сынып -4161 (93,3%), 11 сынып-1294 (94%).

5-лекте 33 мектептің 9,11 сынып оқушыларына электронды тестілеу өткізілді.

4-лекте Қаратал ауданындағы Алғазы орта мектебінің 24 оқушысы ОЖСБ-ға қатыспады, себебі емтихан материалдары Балхаш көліндегі жүрген мұз көшкініне байланысты, аталған мектепке жеткізілмеді.

Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарының ұйғыр тілінде оқытылатын 9,11 сынып оқушыларын тестілеу 6-лекте жүргізілді.

ҰТО қорытындысы бойынша орта балл:

11 сыныптар-мүмкін 100 балдан 53,9 балл, 53,9%  құрайды (2017 жылы-69,8%, 60 тан 41); республикалық көрсеткіш -63,8

9 сыныптар бойынша мүмкін 75 балдан 30,7 балл, 40,9% құрайды (2017 жылы 33,8 балл, 45%) республикалық көрсеткіш -38,7

4 сыныптар бойынша мүмкін 30 балдан 17,3 балл, 57,7% құрайды (2017 жылы 18,3 балл, 61%) республикалық көрсеткіш -18,2.

Берілген көрсеткіштер ОЖСБ қорытындысы 2017 жылмен салыстырғанда 4,9,11 сынып оқушыларының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын толық меңгермеуінен төмендегенін көрсетеді.

ОЖСБ көрсеткіштерінің нақтылығы БСБД және ҰТО тарапынан қолданылған шаралар әсерінен деп есептейміз:

– тестілеу өткізуге үлкен аудиторияларды алып, кезекшілерді қажетті жағдайда ғана қатыстыра отырып, министрлік өкілдері әрекетінің алгоритміне өзгеріс енгізу;

– бір білім беру мекемесінде оқу пәндерінің бірнеше нұсқаларын пайдалану;

– министрлік өкілдеріне ОСЖБ-ның өткен легі бойынша толық қорытынды жасап, нұсқама беру.

2017 жылы облыс мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) өткізу туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №164 бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 17-28 сәуір аралығында облыс мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілді. ОЖСБ 93 орта білім беру ұйымдарында 4 лекте (18,21,25,26,27.04.) өткізілді. Жалпы 4,9,11 сынып бойынша 14304 оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ретінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 10 маманы және облыс мектептерінің ең үздік мұғалімдері мен мектеп директорының орынбасарлары бекітілді.

ОЖСБ өткізу алдында жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың 20 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Білім саласындағы бақылау департаменті басшысы С.Досматованың қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім саласындағы бақылау департаменті өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушылар ОЖСБ-ның мақсаты мен міндеттері туралы, технологиясы бойынша толық ақпарат алды, буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Білім саласындағы бақылау департаментінің 19.04.2017 ж. №204-1-ө бұйрығымен министрлік өкілдері ОЖСБ өткізу пунктеріне жіберілді, қосымша ОЖСБ өткізу бойынша нұсқама жүргізілді.

Кешенді тестілеу сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар облыстың  22 мектебінде 9,11 сыныптардағы ОЖСБ  компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

Облыс мектептері бойынша орташа балл:

11 сыныптар бойынша – 41,9 балл.

9 сыныптар бойынша – 33,8 балл.

4 сыныптар бойынша – 18,3 балл.

Тестілеуге дайындық және өткізу барысында мектеп әкімшілігі тарапынан бұзушылық тіркелмеді.

2016 жылы Алматы облысының жоғарғы оқу орындарында өткен студенттердің оқу жетістігін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) қорытындысы

 2016 жылы  Алматы облысының жоғарғы оқу орындарында  өткен студенттердің  оқу жетістігін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) қорытындысы

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрінің   «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу жетістігін сырттай бағалауды ұйымдастыру» туралы (ОЖСБ ) 18.10.2016 жылғы  №688  бұйрығын сәйкес 2016 жылдың  8-13 қараша аралығында Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында Алматы облысының жоғарғы оқу орындарының  студенттерінің арасында оқу жетістігін сырттай бағалау   (ОЖСБ) өтті.

 937 өтініш білдіргендерден 737 адам  қатысты. 78,7 пайыз құрады.

Жоғарғы оқу орындарында өткен ОЖСБ –ның орташа балы 71,15 .

Тестілеу барысында ОЖСБ ережесін  бұзушылық орын алды. Нәтижесінде  6 студент тестен шеттетіліп, олардың жұмыстары жойылды:

 Емтихан материалдарын whats app арқылы таратып, жауап алғаны үшін-1

Ұялы телефон пайдаланғаны үшін  –1

Шпаргалка пайдаланғаны үшін-3.

Тестілеу уақыты біткеннен кейін жұмысын өткізуден бас тартқаны-1.

427 тиым салынған заттар тәркіленді, оның ішінде ұялы телефон-106, шпаргалка-321.

 

2015 жылы Алматы облысында ОЖСБ өткізу туралы ЕСЕП

2015 жылы Алматы облысында ОЖСБ өткізу туралы ЕСЕП

     Облыс көлемінде ұйымдасқан түрде ОЖСБ-ды өткізу мақсатында 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Ақпаратты-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында департамент басшысы С.Досматова Есік қаласында өткізілген облыстық білім басқармасының жылжымалы коллегиясында білім басқару органдары басшыларына және облыс педагогикалық қауымдастығына ОЖСБ-ды ұйымдастыру және өткізу технологиясын таныстырды. Департаменттің бас мамандары В.Орынбаева «Огни Алатау» газетінде  «Ждет девятиклассников экзамен» мақаласын (31.03.2015ж. №36), А.Муканова «Жетісу» газетінде «Жетістіктерді сырттай бағалау» (02.04.2015ж. №37) мақаласын жариялады.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 06 наурыз 2015 ж. №118 бұйрығы негізінде 7-16 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша өткізілген ОЖСБ-да 4 кезеңде (7,10,14,16 сәуір) 129 білім беру ұйымы қатысты. Барлық қатысқан оқушылар саны-4654, қазақ тілді оқыту-3581 оқушы, орыс тілді оқыту-1073 оқушы.

     ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері ретінде білім саласын бақылау Департаментінің 11 маманы анықталды, ҚР БҒМ өкілдері ретінде жоғарыда аталған бұйрық негізінде  үздік педагогтар және директор орынбасарлары арасынан 31 мұғалім бекітілді.

      2015 ж. 27-28 наурызда Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында Ұлттық тестілеу орталығы басқармасының директоры Е.Амирбекұлы, ҰТО филиалының басшысы У.Жумагожинованың қатысуымен ҚР БҒМ өкілдері үшін ҚР БҒМ 26.03.2014ж. №99 бұйрығына сәйкес оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу талаптарымен таныстыруға арналған оқыту семинары өткізілді. 6 сәуір күні БСБД-де ҚР БҒМ өкілдеріне нұсқау жұргізіліп, ОЖСБ пунктеріне ҚР БҒМ өкілдерін бөлу графигі таныстырылды.

     9,13, 16 сәуір күні ҚР БҒМ өкілдері үшін ОЖСБ рәсіміне байланысты қосымша нұсқаулықтар беріліді. Әрбір кезең басталғанда ҰТО жіберілген қаптар ашылды, ОЖСБ материалдары таратылды.

1 кезеңге 42 мектеп қатысты, 2,3 кезеңде-41 мектеп, 4 кезеңде (электронды тестілеу) -5 мектеп.

     ҚР БҒМ өкілдері ОЖСБ –ны өткізу пунктеріне келу барысымен аудиторияларды тексерді, мектеп әкімшілігі және аудандық ББ өкілдерімен кеңес жүргізді.

    Тестілеуге дейін оқушылар, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігімен ОЖСБ –ны ұйымдастыру және өткізу талаптарын бұзуға жол бермеуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР БҒМ, БСБД өкілдері тарапынан  тестілеу барысына бақылау жүргізілді.

        Тест аяқталғаннан кейін емтихан материалдары ҰБТ –ді өткізу орталықтарында сканерден өткізіліп, жауап парақтары  сәйкестендірілді. Мектеп директорлары, ҚР БҒМ өкілдері және ҰБТ ӨО өкілдеріне ведомость берілді. ОЖСБ рәсімі өту барысымен барлық қолданған және қолданылмаған сұрақ-кітапшалары ҰБТ ӨО-да майдалап кесілу әдісімен жойылды.

         ҰБТӨО мәліметі бойынша облыс мектептері бойынша орта балл 36,6 балды құрады, соның ішінде:

1 кезең-38,0 балл

2 кезең-36,9 балл

3 кезең-35,8 балл

4 кезең (электронды тестілеу)-30,8 балл.

          2015 жылы облыстың орташа білім сапасы- 36,6 балл, бұл  көрсеткіш 2014 ж. 42,6 баллдан едәуір төмен. ОЖСБ көрсеткіштерінің объективтілігіне ҰТО және ККСОН жүргізген шаралар әсерін тигізді  деп есептейміз:

-ҚР БҒМ өкілдерінің іс-әрекеті алгоритміне тестілеуді өткізу үшін бір үлкен аудиторияны талап ету және қажеттілік болған жағдайда ғана кезекшілерді қосу;

– бір білім беру ұйымында бірнеше оқу пәндерінің нұсқаларын қолдану;

-БСБД тарапынан ОЖСБ –ны бақылауды күшейту мақсатында кезеңдер санын көбейту.

Ұсыныстар:

  1. Тест тапсырмаларын жасауда бақылауды күшейту.
  2. Оқу пәндерін түрлендіру практикасын әрі қарай жалғастыру.
  3. Оқушылардың ведомостеріне тоқсандық бағаларын алдын-ала енгізу.
  4. Электронды тестілеуді одан әрі жетілдіру.

Департамент басшысы                                                  С.Досматова

 

 

2014 жылы Алматы облысында ОЖСБ-ды өткізу туралы ЕСЕП

2014 жылы Алматы облысында ОЖСБ-ды өткізу туралы ЕСЕП

     Облыс көлемінде ұйымдасқан түрде ОЖСБ-ды өткізу мақсатында 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. №34 3 сәуір 2014ж. облыстық «Жетісу» газетінде департамент басшысы К.Батырбаевтың ақпаратты-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатындағы мақаласы жарияланды. Департамент басшысы К.Батырбаев облыс қоғамдастығына ОЖСБ-ны өткізу рәсімімен 8 сәуір 2014 жылы «Жетісу» телеарнасының «Замана» бағдарламасында таныстырды.

     ҚР БҒМ 26.03.2013ж. №89 бұйрығы негізінде Алматы облысы бойынша ОЖСБ-ны өткізуге белгіленген 68 білім беру ұйымы  9-18 сәуір аралығында ОЖСБ-ға қатысты. Барлығы 2929 оқушы қатысып, соның ішінде қазақ тілді оқыту-2075 оқушы, орыс тілді оқыту-854 оқушы.

     ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ретінде білім саласын бақылау Департаментінің 10 маманы анықталды, 100 мектеп директорларының орынбасарлары және мұғалімдері жоғарыда аталған бұйрық негізінде ҚР БҒМ өкілдері ретінде тағайындалды.

     ҚР БҒМ өкілдері үшін ағымдағы жылдың 5 сәуір күні ҚР БҒМ 26.03.2014ж. №89 бұйрығына, 28.03.2014ж. №312  БСБД бұйрығы негізіндегі ҚР БҒМ өкілдерін бөлу кестесіне  сәйкес оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу талаптарына байланысты оқыту семинары өткізілді.

    9,14,17 сәуір күндері ҚР БҒМ өкілдері үшін ОЖСБ-ны өткізу рәсіміне байланысты қосымша нұсқау өткізілді. ОЖСБ мектептері 3 кезеңге бөлінді: 1 кезең-23 мектеп, 2 кезең-23 мектеп, 3 кезең- 22 мектеп. ОЖСБ-дың  3 кезеңіне есептегенде  БСБД өкілдерінің жетіспеу себебінен ҚР БҒМ жауапты өкілдері ретінде мектеп директорларының 28 орынбасары тартылды, оларға БСБД нұсқауынан кейін акт бойынша ОЖСБ тестілеу материалдары берілді.

     ҚР БҒМ өкілдері ОЖСБ –ны өткізу орындарына келу барысымен аудиторияларды тексеріп, мектеп әкімшілігі және аудан ББ қызметкерлерімен кеңес өткізді.

     Тест алу күндері нұсқаулыққа сәйкес барлық рәсімдер орындалды: аудиторияларға ҚР БҒМ өкілдерін бөлу, оларға акт бойынша емтихан материалдарын беру. Оқушылар, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігімен ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу ережелерінің бұзылуына жол бермеуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. БСБД өкілдері тарапынан тестілеу барысына жалпы бақылау жүргізілді.

     Тест аяқталғаннан кейін емтихан материалдары ҰБТ –ді өткізу орталықтарында сканерден өткізіліп, жауап парақтары  сәйкестендірілді. Мектеп директорлары, ҚР БҒМ өкілдері және ҰБТ ӨО өкілдеріне ведомость берілді. ОЖСБ рәсімі өту барысымен барлық қолданған және қолданылмаған сұрақ-кітапшалары ҰБТ ӨО-да майдалап кесілу әдісімен жойылды.

      ҰБТ ӨО мәліметтеріне сәйкес облыс мектептері бойынша орташа балл-42,6 балды құрады.

       Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу барысында мектеп әкімшілігі тарапынан ешқандай бұзушылықтар болған жоқ.

        Алдын-ала ОЖСБ пәндерінің тізбесін және сұрақтарын (ҚР БҒМ 11.02.2014ж. №37 б. 2 тармағының 2 тармақшасы) Ғаламтор арқылы анықтауға байланысты оқушылардың химия, география, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша жақсы дайындығы олардың білімін бағалау объективтілігіне әсерін тигізді.

Ұсыныстар:

  1. БСБД тарапынан ОЖСБ өткізу барысында бақылауды күшейту мақсатында кезеңдердің санын көбейту.
  2. Тест тапсырмаларын құруда бақылауды күшейту.

Департамен басшысы                                      К.К.Батырбаев