Алматы облысының Әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселлері бойынша өткізілген семинарға Алматы облысы білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуы туралы

2016 жылғы 14 қазанда Алматы облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша өткізілген семинарға Алматы облысы білім салсындағы бақылау департаментінің қызметкерлері қатысты.

Семинарға облыстағы мемлекеттік органдар өкілдері, мекеме және ұйым басшылары, БАҚ,ҮЕҰ өкілдері қатысты. Семинардың кіріспе сөзінде облыс әкімі А.Ғ.Баталов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі төрағасының орынбасары, семинардың модераторы- Шпекпаев Алик Жаканбаевичпен таныстырып өтті.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Л.Турлашовтың облыстағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды.

«Қазақстанның замануи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» өзекті тақырыбы бойынша А.Ж.Шпекпаев баяндады. Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты нормативтік құжаттармен таныстырды. Замануи сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаларды анықтау үшін халықаралық тәжірибе қолданылады. Негізгі қағидалары: елбасының, халықтың, қоғамның саяси бағыты; бүгінгі күнгі талаптарға сай келетін заңдар, тәуелсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін құру. Бұл қағидалар республикамыздың бағдарламалық құжаттарға: «Ұлт жоспары-100 нақты қадам», «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі» енгізілген. Елбасының  2015 жылғы 13 қыркүйектегі Мемлекеттік қызмет туралы агентігін қайта құру туралы Жарлығы – Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бастауы. Осы уақыт аралығында 56 заң қабылданды. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң БҰҰ конвенциясы негізінде әзірленген.

Мемлекеттік қызметті модернизациялау мемлекеттік қызметшінің мансап моделіне тестілеу, әңгімелесу, жеке қасиеттерін автоматты бағалауды енгізу арқылы негізделген. Әдеп кеңесінің, Тәртіптік кеңесінің әрекеттігін, рөлін күшейту жоспарлануда.

Семинарда қызметтік тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстары туралы бейнематериалдар көрсетіледі. Баяндамашы мемлекеттік қызметшілердің іссапардағы, мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлық тәуелкелдіктерін анықтады.

Агентіктің ресми сайтында, coll- орталығына, БАҚ-қа жолданған сыбайлас жемқорлық жасалған немесе дайындалған қылмыстар туралы азаматтардың арыздары қатаң қаралады. Бір жыл ішінде Алматы облысы бойынша 1424 қоңырау шалынды. Сыбайлас жемқорлық туралы дәйектер дәлелденген жағдайда қаржылай сыйақы қарастырылған.

2016 жылғы 17 қазандағы облыстық семинар материалдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Депатаментте семинар өткізіліп, шешім қабылданды:

  • Бақылау шараларын өткізуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары күшейтілсін;
  • мамандарға жұмыс барысында заңдар және құқықтық талаптарды назарға алып, сыбайлас жемқорлық жағдаяттарын болдырмау.