Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған жоспарына сәйкес 2021 жылдың 05-06 мамыр күндері мемлекеттік қызметшілерге вебинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған жоспарына сәйкес 2021 жылдың 05-06 мамыр күндері мемлекеттік қызметшілерге вебинар өткізді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі тақырыбында өткен вебинарға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары қатысты.

Алматы облысының БССҚД-де Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С.Жұмабаевтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

Алматы облысының БССҚД-де Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С.Жұмабаевтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

      Өз сөзінде Ж.Жұмабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтты. Семинарға қатысушыларға ақпараттық профилактикалық мазмұндағы бейне роликтер көрсетілді.

      БССҚД басшысы Қабимолдаева С.Н. Департаменттің бақылау шараларын жүргізу, лицензиялау, апостильдеу кезіндегі сыбайлас   жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыс тәжірбиесімен бөлісті. Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы күресте профилактикалық шаралардың маңыздылығын айта келе, екі мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласында тығыз байланыста жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Жеке және заңды тұлғалармен байланысының 2020 жылдағы есептік деректері қайта тексерілді

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік органдар мен  облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 42-тармағына сәйкес, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жеке және заңды тұлғалармен байланысының 2020 жылдағы есептік деректері қайта тексерілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің  қайта тексеруі кезінде жалған ақпарат деректер анықталмады.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсуге құжаттарды Egov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болатынын естеріңізге саламыз. Осы ретте, құжаттарды тапсырудың 5 қадамын назарларыңызға ұсынамыз.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі – Кулахметова Айымгуль Саиновна

Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларына қатысты сұрақтар бойынша қабылдау кестесі:
Мемлекеттік қызметшілер үшін: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.00-17.00

Азаматтар үшін: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.00-17.00

Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 27 үй

тел: 8 (7282) 40-12-34

Ескерту: қабылдау көрсетілген телефонға алдын-ала жазылу бойынша жүргізіледі.