2020 жылдың 10 айында бару арқылы профилактикалық бақылау шараларымен 29 мектеп қамтылды. 29 білім беру мекемелеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу барысында білім саласындағы заңнаманы бұзған 164 факті анықталды, оның ішінде 48-і өрескел бұзушылық, 95-і елеулі, 21-і болмашы, бұзушылықтар ҰББДҚ толтыру, құжаттарды рәсімдеу және жүргізу, оқу үрдісін ұйымдастыру, кадрларлардың сапалық құрамы, МТБ жабдықталуы бағыттары бойынша. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша барлық мектептерге тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.
Бұдан басқа ұйғарымды орындау жөнінде жоспардан тыс 37 тексеру жүргізілді, барлық білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеру бойынша бұзушылықтар жойылған.
Азаматтардың өтініштерін қарау мақсатында 7 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның 5-де бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғаларға әкімшілік шара қолданылып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Category: Мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін бекіту туралы
|
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтары нысандарының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г. Көбеноваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Аймағамбетов
Результаты согласования
11.05.2020 09:41:41: Кобенова Г. И. (Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки) – – cогласовано без замечаний
Результаты согласования
11.05.2020 12:04:50: Аргынгазин Г. А. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:11:44: Джумашев Г. С. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:57:48: Мылтыкбаева Л. Р. (Управление по координации деятельности территориальных органов) – – cогласовано без замечаний
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі
2019 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижесі
2019 жылы 1 жарты жылдағы білім беру мекелерінде жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесі
2018 жылы білім беру мекелерінде жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін бекіту туралы
Ішінара тексеру жүргізу үшін 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған білім беру ұйымдарының тізімі
2017 жылда «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу туралы