2018-2019 оқу жылының 12-22  ақпан аралығында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі  тарапынан Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектепте тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді.

Бақылау барысында 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 2019 жылдың 12 ақпанына дейінгі аралықтағы  Білім беру ұйымының басқару құжаттары, мұғалімдердің мамандығына сәйкестігі,  педагогикалық қызметкерлердің біліктілік талаптары мен оған сәйкестіктерін растайтын құжаттардың тізбесі, стандартқа сәйкес сабақ кестелері мен міндеттік оқу жоспарының орындалуы, Білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының орындалуы, білім берудің жаңа форматының жүзеге асырылуы, білім алушылардың оқуға қабылдау бойынша құжаттарының талапқа сай рәсімделуі, білім алушыларға қойылған бағалардың нақтылығы мен сәйкестігі, білім ұйымындағы қатаң есептегі құжаттардың талапқа сай жүргізілуі тексерілді. Профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында    комиссия тарапынан заңға қайшы әрекеттер орын алмады.

Бақылау нәтижесінде білім беру ұйымы тарапынан жіберілген қателіктер анықталып, кемшілікті жою жоспары нақты көрсетілді.

Білім беру салаларына профилактикалық бақылау жүргізілуі  қажет деп санаймыз.  Себебі, жұмыс жүргізу барысында кеткен кемшіліктерді уақытында жоюға, жұмыс бағытын талапқа сай жүргізілуін ретке келтіруге бағыт береді.

 

Мектеп директоры                                    М.Б.Куткельдиева

Алматы обысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2015 жылғы 29 қазандағы 375-Ү Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 147-бабы 1-тармағына сәйкес 2019жылғы 12-14  ақпан аралығында  Көлтабан негізгі орта мектебіне бару  арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

«Көлтабан негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару арқылы профилактикалық бақылау белгіленген заң талаптарына  сәйкес  жүзеге асырылды. Профилактикалық бақылау жұмыстары 47 параметр бойынша жүргізілді.  Құжаттарды тексеру барысында кемшіліктерді түзету мақсатында әдістемелік көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар берілді. Мектептегі жас директордың орынбасарлық қызметін атқарып жатқан мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.

Профилактикалық бақылау жүргізу мектептің оқу- тәрбие жұмысының талапқа сай жүргізілуіне  және  өрескел кемшіліктердің алдын-алуына  бағытталған. Ерекшелігі бақылау қорытындысы нәтижесінде айыппұл салынбай, кемшіліктерді жою мақсатында нұсқама алдық. Осындай бақылау жүргізу  кезінде әр мектеп өздерінің кемшіліктеріне сараптама жүргізіп, дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізетіні анық.

 

 

Мектеп директоры                                  Ж.Қ.Біржанова

Ағымдағы жылдың 07-08 ақпан күндері Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті Көксу ауданы «Жеңіс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабының 1-тармағына сәйкес оқу орнына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша талаптардың бұзылғандығы анықталып, кемшіліктерді түзеу үшін педагог кадрлармен жұмысты тиімді үйлестіруде нақты бағыт-бағдар берілді. Мақсатты жүргізілген бұл профилактикалық бақылауды педагогикалық ұжым  білім беру сапасын жақсартуға бағытталған деп санайды.

 

 

 

Мектеп директоры               С.У.Сандыбаева

 

Ағымдағы жылдың 05-06 ақпан аралығындағы Ескелді ауданы,  М.Маметова атындағы орта мектебінде  Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

Тексеру барысында біршама кемшіліктер анықталды,  кемшіліктерді жою бойынша әдістемелік кеңестер берілді.

Білім саласында енгізіліп жатқан көптеген жаңа реформалар болып жатқандықтан  мектеп ұжымы осындай мақсатты түрде жүргізілген бақылауды орынды екенін атап өтті.

 

 

 

Мектеп директоры                    Р.Б.Мейрбекова