Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2018 жылдың 01-03  наурыз  күндері  Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ата-ана комитетінің мүшелері, қамқоршылық кеңестер өкілдерінің қатысуымен Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Досматова С.Ж. ақпараттық-түсіндіру мақсатында кеңестер өткізді.

Кеңесте Досматова С.Ж. Департаменттің функционалдық міндеттері,   Ұлттық жалпы білім беретін деректер қоры (ҰББДҚ) төлқұжаттарын толтыруда статистикалық мәліметтерін бұрмалап берілуі туралы, Қамқоршылық кеңестерінің ролі  және т.б. туралы айтылды. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. 2017 жылы жүргізілген жұмыстарының нәтижелері және 2018 жылы білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау туралы баяндама жасады.