Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу мерзімдерін ауыстыру туралы

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрық

Скачать / Посмотреть приказ

2019 жылы  мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Алматы  облысының  білім беру ұйымдарының тізбесі

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2017 жылдың І-жартыжылдығында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша мәлімет

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы              27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 177-не мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-24, лицензияға қосымша-125, лицензияны қайта ресімдеуге-28. Қорытындысында 5 лицензия, 34 лицензияға қосымша беріліп, 20 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-118.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 141 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-6, лицензияға қосымша-122, лицензияны қайта ресімдеуге-13. Қорытындысында 1 лицензия, 33 лицензияға қосымша беріліп, 9-ы қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-98.

Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 36 мемлекеттік қызметтің 18-і лицензия алуға, 3-і лицензияға қосымша, 15-і лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 4 лицензия, 1 лицензияға қосымша берілсе, 11 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-20.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 56-на мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-15, лицензияға қосымша-26, лицензияны қайта ресімдеуге-15. Қорытындысында 1 лицензия, 2 лицензияға қосымша беріліп, 9 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-44.         Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде лицензия алуға-5, лицензияға қосымша-23, лицензияны қайта ресімдеуге-5. Қорытындысында 1 лицензия, 1 лицензияға қосымша беріліп, 2 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-29. Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 23 мемлекеттік қызметтің 10-ы лицензия алуға, 3-і лицензияға қосымша, 10-ы лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия берілмеді, 1 лицензияға қосымша берілсе, 7 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-15.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштердің 121-не мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-9, лицензияға қосымша-99, лицензияны қайта ресімдеуге-13. Қорытындысында 4 лицензия, 32 лицензияға қосымша беріліп, 11 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-74. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 108 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, лицензия алуға-1, лицензияға қосымша-99, лицензияны қайта ресімдеуге-8. Қорытындысында 32 лицензияға қосымша беріліп, 7 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-69. Жалпы білім беретін мектептерге көрсетілген 13 мемлекеттік қызметтің 8-і лицензия алуға, 5-і лицензияны қайта ресімдеуге. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 4 лицензия берілсе, 4 қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-5.

2017 жылдың 03-28 сәуір аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша Еңбекшіқазақ ауданы «М.Әуезов таындағы ОМ» КММ, «Жандосов атындағы ОМ» КММ, Сарқан ауданы «Н.Островский атындағы ОМЛ» КММ, Панфилов ауданы «Қожбанбетұлы атындағы ОМ» КММ, «Розыбакиев атындағы ОМ» КММ, Жамбыл ауданы «Саурық батыр атындағы (Көкөзек) ОМ Бірлік бастауыш мектебімен» КММ, Талғар ауданы «№37 ОМ» КММ  білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес. «Есік кәсіптік- техникалық колледжі» мекемесі, Ұзынағаш ауылындағы «Көпсалалы кәсіптік колледжі» МКҚК,  Жамбыл ауданы «Қыдырбекұлы атындағы ОМ» КММ, Алакөл ауданы «Талапкер ОМ» КММ, Талдықорған қаласы «№2 ОМ» КММ, Ескелді ауданы «Қарабұлақ ОМ» КММ, Райымбек ауданы «Жаңа Текес» КММ білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.

2017 жылдың 27-31 наурыз аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша Панфилов ауданы «Арай» балабақшасы» МКҚК, Жамбыл ауданы «Бәйтерек» балабақшасы» МКҚК, «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК, Талдықорған қаласы жекеменшік «Тұмар» балабақшасының білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес. «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» МКҚК, Панфилов ауданы «Шұғыла» балабақшасы» МКҚК, Талдықорған қаласы жекеменшік «Айым» балабақшасының білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.

2017 жылдың 09-18 наурыз аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру қызметтері Іле ауданы «Күншуақ» балабақшасы» МКҚК, Талғар ауданы «№7 «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес. Кербұлақ ауданы «Байғазы орта мектебі» КММ, Көксу ауданы «К.Жапсарбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Алакөл ауданы «Қызылащы орта мектебі» КММ, «Қаскелең облыстық көмекші мектеп-интернаты» КММ, «Сарқан политехникалық колледжі» КМҚҚ, «Ақсу политехникалық колледжі» МКҚК, Ақсу ауданы «Таңшолпаным» балабақшасы» КМҚҚ, Алакөл ауданы «Нұрай» балабақшасы» МКҚК, «Ескелді ауданы «Қызғалдақ» балабақшасы» МКҚК білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.

2017 жылдың 26 қаңтар – 10 ақпан аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру қызметтері Іле ауданы «№3 орта мектеп» МКМ, Іле ауданы «№4 орта мектеп» МКМ, Қарасай ауданы «Немере» жалпы білім беретін мектеп» ЖМ,  Еңбекшіқазақ ауданы «Розыбакиев атындағы орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес. Қарасай ауданы «Бұлақты ауылындағы бастауыш мектеп» КММ, Алакөл ауданы «Үшарал қаласындағы педагог М. Мыңбайұлы атындағы орта мектеп» КММ, Талғар ауданы «№10 орта мектеп» МКМ,  Талғар ауданы «Жеке-меншік білім беру мектебі «ДАНА» ЖШС, Ұйғыр ауданы «Тиірмен ұйғыр орта мектебі» КММ, Көксу ауданы «Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектеп» КММ, Панфилов ауданы «Х.Көбіков атындағы орта мектеп» КММ, Панфилов ауданы «Үшарал орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы «Ушинский атындағы орта мектеп» КММ, Еңбекшіқазақ ауданы «И. Саттаров атындағы орта мектеп» КММ білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.