БҒМ: 196 колледж 500 мамандық бойынша студенттерді даярлау құқығынан айырылды

⠀Еліміздегі колледждердің білім беру қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды.

⠀Колледждер белгілі бір мамандықтар бойынша студенттерді оқытқанымен, бейіні мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмай шықты.

⠀Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылып, оқытушылар жұмысқа орналастырылды.

⠀«Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілуі («жылы дәретханалар»). 2020 жыл қазан, қараша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес Департамент тарапынан Алматы облысындағы білім беру мекемелерінің жылы дәретханалармен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша облыстың 49 мектебінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 33 мектепте жылы дәретхана орнатылмаған. Бұл мәселе бойынша облыс әкіміне хат жолданды.

2020 жылдың желтоқсан айында жоғарыда анықталған кемшіліктердің жойылуы бойынша мониторинг жүргізілді. 2020 жылдың қазан айынан дәретханалар орнатылмаған мектептер саны 33-тен 21 мектепке қысқарды. Еңбекшіқазақ ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің ішкі дәретханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық елді-мекендердегі колледж студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады

 

⚙️Екінші семестрден бастап қазақстандық колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады.

⚙️Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ мен ҚР ҚМ жанындағы 14 колледждің студенттері оқу орындарында оқитын болады.

⚙️Қалған колледждерде бірінші курс студенттері үшін, атап айтсақ студенттерінің жалпы санының шамамен 31%-ы үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады.

⚙️Бірінші курс студенттері үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқыту пәндерінің 70%-ы дәстүрлі форматта және 30%-ы қашықтан өткізіледі. ТжКБ ұйымы оқу жұмыс жоспарларына сәйкес штаттық және қашықтан оқыту форматтарында оқытуды өткізу үшін пәндер тізбесін дербес айқындайтын болады.

⚙️Аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, колледж әкімшілігі икемді кесте құрады. Кабинеттерде үзілістер арасында және сабақтан соң санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

⚙️2-4 курс студенттері аралас форматта оқиды. Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша оқитын студенттер үшін сабақтар қашықтан, зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика дәстүрлі форматта ұйымдастырылатын болады. Қорытынды аттестаттау да штаттық режимде өтеді.

⚙️Педагогикалық, экономикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық мамандықтар бойынша 2-4 курс студенттері оқуды қашықтан оқыту форматында жалғастырады.

⚠️Естеріңізге сала кетейік, колледждерде оқу процесін ұйымдастыру жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

@edu_news_qz

Үш ауысымды оқыту бойынша мониторинг (2020 жыл қараша)

Үш ауысымды оқыту бойынша мониторинг (2020 жыл қараша).

Алматы облысының 48 мектебінде оқыту үш ауысымда жүргізіледі, оның ішінде:

Еңбекшіқазақ ауданында -4

Жамбыл ауданында -8

Іле ауданында -19

Қарасай ауданында -12

Талғар ауданында -4

Ұйғыр ауданында -1.

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы үш ауысымда №1 орта мектептен басқа үш ауысымды мектептер Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда (Іле, Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары). Аталған аудандарда халықтың көп шоғырлануына байланысты, үш ауысымдылық жағдайы сақталуда. Үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан нақты шаралар қолданылуда, оның ішінде, 17 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

Департамент тарапынан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша облыстың 35 мектебінде үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарда кемшіліктер анықталып, осы жағдай бойынша облыс әкіміне хат жолданды.

Ағымдағы жылдың 14 наурызынан Алматы облысының 3 ЖОО-да және 68 колледжінде қашықтықтан оқытудың қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізілді

Ағымдағы жылдың 14 наурызынан Алматы облысының 3 ЖОО-да және 68 колледжінде қашықтықтан оқытудың қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізілді.  Жекелеген колледждерде білім беру платформаларына қолжетімділіктің, қашықытықтан оқыту бойынша практикалық жұмыстың жоқтығы, интернет жылдамдығының төмендігі мәселелері анықталды. Аталған мәселелер уақытында шешімін тапты. Колледждерге жұмысты күшейту бойынша ұсынымдар жіберіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Дөңгелек үстел

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  2020 жылдың 24 желтоқсанында білім беру жағдайының проблемалары, балалардың құқықтарын қорғау және бірлесен қызмет атқару мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен видеоконференц байланыс арқылы «Дөңгелек үстел» өткізді

Кеңес

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың 24 қаңтарында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен және мектеп директорларымен ВКС режимінде кеңес өткізді. Аталған кеңесте 2020 жылы департамент тарапынан білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік  бақылау нәтижесін сараптау негізінде, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізуге қатысты анықталған бұзушылықтарды қайта болдырмау және алдын алу бойынша сұрақтар  талқыланады. Кеңес барысында туындаған сұрақтарға нақты жауаптар, түсіндірмелер және ұсынымдар берілді.

Мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерімен осы жылдың 11 желтоқсаны күні  мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында семинар өткізілді. 2020 жылға арналған мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары қаралды. Барлығы 78 бақылау іс – шаралары жүргізілді, оның ішінде профилактикалық бақылау – 29, нұсқамаларды орындау бойынша жоспардан тыс тексерулер – 38, өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер-11.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

14.12.2020 ж. Алматы облысының БССҚЕД Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен ең үздік сарапшылар шақырылып, олардың кәсіби шеберлігі мен парасаттылығы үшін алғыс хаттар табысталды.