Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы “Бақанас аграрлық-индустриялық колледжі” МКҚК-да болдым. Аудандағы жалғыз техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының директоры Б.Н.Өксікбаев колледж қызметімен таныстырды. Колледж 1977 жылы құрылған және өзінің қызықты тарихы бар. 1968 жылы аудан күріш өсіретін совхоз болып құрылғанда, білікті жұмысшы кадрлар жетіспеген. Осы мақсатта 420 орындық жатақханасы бар № 147 АКТУ ғимараты салынған. Колледжде дайындық 8 жұмыс мамандығы бойынша жүргізіледі: есептеу техникасы  және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша), автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ауылшаруашылығын механикаландыру, тамақтандыруды үйымдастыру, шаштараз өнері, дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), орман шаруашылығы (түрлері бойынша). 2021-2022 оқу жылында колледжде 161 студент оқиды. Колледжде барлығы 21 педагог, 8 өндірістік оқыту шебері сабақ береді.

Колледжде жақсы материалдық-техникалық база бар, автодром, трактородром, шеберханалар, автотренажерлер және т.б. жетістіктері де бар. “ТжКБ үздік ұйымы” облыстық байқауында колледж “табысқа жету жолында” және “Инновациялық колледж” номинацияларында жеңіске жетті, басқа конкурстарда да көптеген марапаттар бар. Педагогтар мен колледж студенттерінің қарым-қатынастары жақсы әсер қалдырды! Алдағы уақытта жетістік пен сәттілік тілеймін!

Leave a Reply