Кеген ауданы Құрметі ауылындағы А.Ниязбеков атындағы негізгі мектепке бардым. Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың маусым айында “Тунас” ЖШС мердігерлік ұйымымен басталған. Қазіргі уақытта нысанды тапсыруға дайындық деңгейі 95%-ды құрайды. Аулаға кеспе тастарды төсеу, пандус орнату, спорт залын сырлау жұмыстары жүргізілуде. Спорт залының еденіне арналған спорттық жабынды сатып алу қалған.    Ғимараттың жобалық қуаттылығы-120 орын, оқушылар контингенті-45 адам.

Білім бөлімінің басшысы Р.А. Таударбекованың, мектеп директоры Д. Ханжазованың және құрылыс компаниясының өкілінің ақпараты бойынша нысан ағымдағы жылдың 23 тамызына дейін тапсырылады.

Leave a Reply