Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Байжұмановпен кездесу барысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Облыста 760 жалпы білім беретін мектеп, оқушылар контингенті төрт жүз мыңнан асады. Қазіргі уақытта 1-сыныпқа арналған оқулықтарды мектептерге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ 2-11 сыныптарға арналған оқу әдебиеттерін қосымша сатып алу қажеттілігі нақтылануда. Мектептерді санитарлық-гигиеналық жайлылықпен қамтамасыз ету өзекті болып қалуда, қазіргі уақытта 17 мектепте ішкі дәретханалар әлі орнатылмаған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сұрақтар бақылауға алынды.

Leave a Reply