Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері ағымдағы жылдың 13-17 қаңтар аралығында Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Панфилов, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Көксу, Ескелді, Кербұлақ, аудандарында, Талдықорған, Текелі қалаларында білім беру ұйымдарының басшылары, Қамқоршылық кеңес өкілдері, директордың орынбасарларының қауымымен білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтау, білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және оны құру тәртібі,  білім беру ұйымы басшылары және педагогтердің заңсыз әрекеттері туралы заңды және жеке тұлғалардан түскен арыздар бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Өткізілген жиындарда білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

 

Leave a Reply