2022 жылдың 18 сәуірінде Алматы облысында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.
Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 28-31 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Төле би атындағы орта мектеп» КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төле би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 28-31 наурыз күндері «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Алғабас орта мектебі» КММ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.