2021 жылдың 15 наурызында Премьер-Министрдің орынбасыры Е.Тоғжановтың қатысуымен  ҚР  БҒМ  кеңейтілген алқа отырысы өтті

2021 жылдың 15 наурызында Премьер-Министрдің орынбасыры Е.Тоғжановтың қатысуымен  ҚР  БҒМ  кеңейтілген алқа отырысы өтті.

               Білім беру жүйесінде білім беруді дамыту және сапаны арттыруға бағытталған жоспарлы да жүйелі өзгерістер жасалуда. Сонымен қатар педагогтердің мәртебесі мен материалдық жағдайын көтеруге ерекше көңіл бөлінуде.

                Өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес мұғалімдердің еңбекақысы  едәуір көтерілді. Олар артық есеп беруден және өз міндеттеріне тән емес жұмыстардан босатылды. 2021 жылы барлық өңірлерде педагогтік әдеп және педогогтердің  құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестер құрылды. «Президенттің тапсырмасына сәйкес 2024 жылға дейін педагогтердің жалақысы екі есеге өседі. Мұғалімдер жұмысқа конкурстік негізде  қабылданатын болды. Бұған қосымша, биылғы жылдан бастап алғаш жұмысқа қабылданатын педагогтік оқу бағдарламалары бойынша оқу  бітірушілер сертификаттаудан өтуге міндетті болады. Яғни, өз үлгісіндегі диплом алған соң олар сертификаттаудан өтуі керек. Педагогтік бағыттарда оқуға түсушілерге де талап күшейтілді, егер бұрын өту балы 50, содан соң 70 болса, биылғы жылы 75 балға дейін көтеріледі»,-деді министр.

                Министрліктің алдында тұрған негізгі міндет – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру сапасын арттыру.

                Министрлік пен әкімдіктер балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды ұлғайту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Жеке меншік   балабақшалар желісі «Қаржы баланың артынан барады» ұстанымы бойынша ваучерлік қаржыландыруды енгізу есебінен кеңейтіледі. Бұған қосымша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім берудің ойын арқылы оқытуға негізделген жаңа үлгісі жасалды.

                Ауыл мен қала оқушылары арасындағы білім сапасының алшақтығын төмендету білім беру жүйесінің алдында тұрған ең өзекті мәселелерінің бірі. Алдыңғы қатарлы оқу орындары ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетіп, олармен тәжірибе алмасатын болады.

                Дарынды балаларға  қолдау көрсету жұмысы жалғастырылады. 2020 жылы оқушылар Халықаралық олимпиадаларда 437 медаль жеңіп алды. Республикалық пән олимпиадалары мен Президенттік олимпиаданың жаңа түрін енгізу жоспарлануда. Олимпиадалар прокторинг және трансляцияны қолдана отырып электрондық жүйелер арқылы өткізіледі. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғастырылады.  Сонымен қатар балалардың интеллектуалды және шығармашылық дамуы  үшін мемлекеттік және жеке меншік балаларды дамыту орталықтарында қосымша білім беруге мемлекеттік  тапсырыс орналастырылады.

                2021 жылдан аудандық білім бөлімдерін  басқару және білім беру ұйымдарын қаржыландыру облыс деңгейінде өтеді. Бұл өзгерістер өңірлер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға және жергілікті деңгейде жеткілікті мөлшерде қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар мектеп директорын тағайындау тәртібі де өзгеріп жатыр. Бұл білім беру ұйымдарын басқару сапасын жақсартуға мүмкіншілік береді.

Leave a Reply