Дөңгелек үстел

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  2020 жылдың 24 желтоқсанында білім беру жағдайының проблемалары, балалардың құқықтарын қорғау және бірлесен қызмет атқару мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен видеоконференц байланыс арқылы «Дөңгелек үстел» өткізді

Кеңес

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың 24 қаңтарында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен және мектеп директорларымен ВКС режимінде кеңес өткізді. Аталған кеңесте 2020 жылы департамент тарапынан білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік  бақылау нәтижесін сараптау негізінде, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізуге қатысты анықталған бұзушылықтарды қайта болдырмау және алдын алу бойынша сұрақтар  талқыланады. Кеңес барысында туындаған сұрақтарға нақты жауаптар, түсіндірмелер және ұсынымдар берілді.

Мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерімен осы жылдың 11 желтоқсаны күні  мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында семинар өткізілді. 2020 жылға арналған мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары қаралды. Барлығы 78 бақылау іс – шаралары жүргізілді, оның ішінде профилактикалық бақылау – 29, нұсқамаларды орындау бойынша жоспардан тыс тексерулер – 38, өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер-11.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

14.12.2020 ж. Алматы облысының БССҚЕД Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен ең үздік сарапшылар шақырылып, олардың кәсіби шеберлігі мен парасаттылығы үшін алғыс хаттар табысталды.

Ақпараттық қауіпсіздік

Қазіргі кезде қоғамның, жеке тұлғаның қызметі ақпараттық технологияларды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттық қауіпсіздік -мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің маңызы зор.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар қарастырылды. Департамент басшысы С.Кабимолдаева ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталмағандығы туралы мысалдар келтірді және жұмыс барысында бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсынымдар берді.

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы В.Орынбаева мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптерін атап өтті, сонымен қатар ақпаратты сақтау әдістерімен,  мемлекеттік орган қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындау міндеттерімен таныстырды