2020 жылғы аттестацияның ерекшеліктері

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан педагогтер, ата-аналар және оқушыларды толғандыратын сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Кеңінен таралған сұрақтардың бірі – 2020 жылы мұғалімдердің аттестациядан өтуі, себебі аттестациядан өту ережесінің былтырғы жылдан ерекшелігі бар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз алдына мұғалімдердің жеке және кәсіби жетілуіне жағдай жасауды міндет етіп қойды. Педагогтарды аттестациядан өткізудің жаңа форматының мақсаты –білім беру қызметінің сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандыратын жаңа замануи механизмдерді енгізу.

2020 жылғы аттестациядан өтудің ерекшелігі, мұғалім өтінішті бірінші аттестациядан өтуге емес, тестілеуге береді. Ұлттық біліктілік тестілеуден өту үшін, педагог он-лайн түрде тіркелу қажет. Тіркелу барысында тестен өту мерзімін өзі көрсетеді. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі. Аттестаттау ресми түрде 1 маусымнан басталды және үш ай мерзімінде өтеді. Бүгінгі күні мұғалімдерден аттестациядан өтуге өтініштер қабылданып жатыр.

Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі

Егер педагог тестілеу барысында ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, заңнамаға сәйкес жауап беруге тура келеді.

 

Leave a Reply