2020 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

             Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының                    57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №231 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

       Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы №351 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету Қағидалары негізінде көрсетіледі.

2020 жылдың 9 айында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 219 өтініштің 164-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 5 өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда. 50 өтініш белгілі себептерге байланысты заңды тұлғалар тарапынан қайтарылып алынды (отзыв). 27.08.2020 жылы Талғар ауданындағы «Талғар экономикалық колледжі» мекемесінің және 11.09.2020 жылы «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған заң колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өтініштері бойынша лицензия және лицензияға қосымшаларын лицензиярға ерікті түрде қайтаруына байланысты әрекеті тоқтатылды. Сонымен қатар, 15 колледж 31 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын ерікті түрде қайтарды.

       Мемлекеттік қызмет көрсетілген 164 өтініштің 14-і лицензия алуға, 18-і лицензияға қосымша алуға, 132-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 лицензия (Іле ауданы, Ынтымақ ауылындағы №46 орта мектеп және Байсерке ауылындағы «Квант» лицей-мектебі» жеке меншік мекемесі), 3 лицензияға қосымшалар беріліп (Текелі кәсіптік колледжі-1, Жаркент көпсалалы колледжі-2), 112 қайта ресімделді, қалған 47 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

      Ағымдағы жылдың 9 айында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 71,3% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 13 күнді құрады.

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

       Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.

      Департамент «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО» порталы арқылы және қағаз түрінде Заңнамаға сәйкес қатаң жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

       Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

       Департаментке 2020 жылдың 9 айында білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша тіркелген 193 құжаттың барлығы апостильденді.

Апостильденген құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы-47;
  • жалпы орта білім бойынша-112;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша-20;
  • анықтама-14.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 38;
  • Туркияға – 51;
  • Австрияға-5;
  • Германияға – 15;
  • Италияға – 10;
  • Литваға – 1;
  • Чехияға – 27;
  • Ресейге – 2;
  • Польшаға – 17;
  • Словакияға – 10;
  • Испанияға – 3;
  • АҚШ – 13;
  • Кипрға – 1.

      Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге (білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған.

     Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

Leave a Reply