2020 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

2020 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының                    57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №231 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 02.06.2015 жылғы №357 бұйрығымен (ҚР БҒМ 30.03.2016 жылғы №231 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

       Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 145 өтініштің 105-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 35 өтініш заңды тұлғалар тарапынан түрлі себептерге байланысты қайтарылып алынды (отзыв). 5 заңды тұлғадан тіркелген өтініштер стандартпен регламентке сай қаралуда (лицензияға қосымша-2, қайта ресімдеуге-3). 27.08.2020 жылы Талғар ауданындағы «Талғар экономикалық колледжі» мекемесінің және 11.09.2020 жылы «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған заң колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өтініштері бойынша лицензия және лицензияға қосымшаларын лицензиярға ерікті түрде қайтаруына байланысты әрекеті тоқтатылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетілген 105 өтініштің 7-і лицензия алуға, 4-і лицензияға қосымша алуға, 94-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 1 мектепке (Іле ауданы, Байсерке ауылындағы «Квант» лицей-мектебі» жеке меншік мекемесі) лицензия беріліп, 82-і қайта ресімделді, қалған 22 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Тиісті білім беру деңгейлері бойынша:

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан тіркелеген                         11 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-2, лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге-9. Қорытындысында 8 колледждің лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-3.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 94 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-7, лицензияға қосымша алуға-2, лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-85. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 1 мектепке лицензия берілсе, 74 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-19.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін 1 заңды тұлғаға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізілді. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысы және білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының шешімі негізінде Іле ауданы, Байсерке ауылындағы «Квант» лицей-мектебі» жеке меншік мекемесіне «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру», «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша берілді.

Департамент тарапынан электрондық порталға тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсетілген 105 өтініштің 22-не (21%) мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді бас тартудың негізгі себептері, қызмет алушылар тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №231 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін толтыруда кемшіліктер жіберулерінен туындаған. Оның ішінде негізгі кемшіліктер: Заңды тұлғалардың педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы нысандар талапқа сай толтырылмаған. Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттары талапқа сай емес. Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылмаған және т.с.с.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу үшін 4 заңды тұлғадан (4 мектеп) тіркелген 7 өтініш бойынша: Іле ауданындағы «Квант» лицей-мектебі» жеке меншік мекемесінің 2 өтініші, «Алматы облысының  денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2 өтініші, Іле ауданындағы «Жан Нур ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1 өтініші, Талғар ауданындағы «Ханзия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1 өтініші қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды. Іле ауданы, Ынтымақ ауылындағы «Квант» лицей-мектебі» жеке меншік мекемесінің 19.08.2020 жылғы өтініші қанағаттандырылып, 07.09.2020 жылы лицензия берілді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алу үшін                       4 заңды тұлғадан (2 колледж, 2 мектеп) тіркелген 4 өтініш бойынша:                     2 колледжден тіркелген 2 өтінішке (Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі-1,  Қапшағай қаласы Заречный ауылының көпсалалы колледжі-1), 2 мектептен тіркелген 2 өтінішке (Талғар ауданындағы №40 орта мектеп-1, №41 орта мектеп-1) дәлелді бас тартылды.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу үшін (9 колледж, 85 мектеп) тіркелген 94 өтініш бойынша: Лицензияға қосымшаларын ерікті түрде қайтаруларына байланысты 8 колледждің қосымшалары қайта ресімделсе, 74 мектептің атаулары өзгеруіне байланысты лицензиялары және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. Өтініш берген 1 колледж және 11 мектепке білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері, заңды тұлға тарапынан лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмелері тіркелмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 79% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 13 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.

Департамент «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО» порталы арқылы және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Департаментке 2020 жылдың 3-тоқсанында білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша тіркелген 112 құжаттың барлығы апостильденді.

Апостильденген құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы – 24;
  • жалпы орта білім бойынша – 68;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 13;
  • аңықтама -7.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 18;
  • Түркияға – 33;
  • Германияға – 10;
  • Италияға – 5;
  • Чехияға – 20;
  • Польшаға – 11;
  • Словакияға – 6;
  • Испанияға – 2;
  • АҚШ – 7.

Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы есептер, нұсқаулықтар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

            

  

Leave a Reply