2020 жылдың 1-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

       Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының                    57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.12.2017 жылғы №657 және 16.11.2018 жылғы №634 бұйрықтары) сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

       Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 02.06.2015 жылғы №357 бұйрығымен (ҚР БҒМ 30.03.2016 жылғы №231 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

     Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 54 өтініштің 38-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 15 өтініш заңды тұлғалар тарапынан қайтарылып алынды (отзыв). 1 мектептен лицензия және лицензияға қосымша алуға тіркелген өтініш стандартпен регламентке сай қаралуда (Іле ауданы, «Квант» лицей-мектебі жеке меншік мекемесі). Мемлекеттік қызмет көрсетілген 38 өтініштің 5-і лицензия алуға, 9-ы лицензияға қосымша алуға, 24-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 заңды тұлғаға түрлі біліктіліктер бойынша 3 лицензияға қосымшалар беріліп, 16-ы қайта ресімделді, қалған 19 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша:

      Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан тіркелеген                         14 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-3, лицензияға қосымша алуға-9, лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге-2. Қорытындысында 2 колледжге 3 біліктілік бойынша лицензияға қосымшалар беріліп, 2 колледждің лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-9.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 24 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-2, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-22. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 14 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-10.

      Ағымдағы жылдың наурыз айында білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензияға қосымша берілгенге дейін 2 заңды тұлғаға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізілді. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысы және білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының шешімі негізінде 2 колледжге сұралған біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшалар берілді (Жаркент көпсалалы колледжі-2, Текелі кәсіптік колледжі-1).

       Департамент тарапынан электрондық порталға тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсетілген 38 өтініштің 19-на (50%) мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді бас тартудың негізгі себептері, қызмет алушылар тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                    2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін толтыруда кемшіліктер жіберулерінен туындаған. Оның ішінде негізгі кемшіліктер: Заңды тұлғалардың педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы, оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы нысандар талапқа сай толтырылмаған. Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттары талапқа сай емес. Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылмаған).

       Білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу үшін 4 заңды тұлғадан (2 колледж, 2 мектеп) тіркелген 5 өтініш бойынша: Талғар ауданындағы  «Центр развития и профессионального образования» ЖШС тіркелген 1 өтінішке және «Кеген медициналық колледжі» мекемесінен тіркелген 2 өтінішке дәлелді бас тартылды. Сол сияқты, Қарасай ауданындағы «Кешкі  (ауысымдық) мектеп «Болашақ» ЖШС, Іле ауданындағы №46 орта мектептен тіркелген өтініштер қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

       Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алу үшін                   6 колледжден тіркелген 9 өтініш бойынша: 2 колледждің лицензияға қосымша алуға тіркелген 3 өтініші қанағаттандырылса (Жаркент көпсалалы колледжі-2, Текелі кәсіптік колледжі-1), 4 колледжден тіркелген 6 өтінішке дәлелді бас тартылды (Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі-1, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі-1, Д.А. Қонаев атындағы университетінің Талғар қаласындағы колледжі-1, Қапшағай қаласы Заречный ауылының көпсалалы колледжі-3).

       Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу үшін 17 заңды тұлғадан (2 колледж, 15 мектеп) тіркелген 24 өтініш бойынша: 2 колледжден тіркелген 2 өтініш қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғалардың лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. Өтініш берген                       14 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, олардың ішінде 4 мектеп өтініштерін қайталап берген (Балқаш ауданы Б. Бейсекбаев ат. ОМ-1, Іле ауданы, Т. Бокин ат. №41 ОМ-3, Жамбыл ауданы Тарғап ауылындағы ОМ-2, Жамбыл ауданы Абай ат. МГ-1). Қапшағай қаласындағы кешкі (ауысымдық) мектепке білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу барысында заңды тұлға тарапынан қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі тіркелмегендіктен дәлелді бас тартылды.

       Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 50% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 14 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

      Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 2015 жылғы 13 тамыздағы №528 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

       Департамент «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО» порталы арқылы және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

       Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Департаментке 2020 жылдың 1-тоқсанында білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша тіркелген 40 құжаттың барлығы апостильденді.

Апостильденген 40 құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы – 17;
  • жалпы орта білім бойынша – 15;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 3;
  • аңықтама -5.

Елдерге кету картасы:

  • ОңтүстікКореяға – 14;
  • Түркияға – 14;
  • Австрияға -5;
  • Германияға – 3;
  • Италияға – 1;
  • Литваға – 1;
  • Чехияға – 1;
  • Кипрға – 1.

      Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. 21.02.2020 жылы «Білім шапағаты» республикалық апталық газетіне және 22.02.2020 жылы «Огни Алатау» Алматы облыстық қоғамдық-саяси газетіне «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Г. Сарсимбекованың мақаласы жарияланды. Ағымдағы жылдың 11-13 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалында департаменттің бас мамандары Жумалиева Г.К. және Жексенбаев А.К.  «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 24 академиялық сағат көлемінде нәтижелі аяқтады.

      Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы есептер, нұсқаулықтар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

      Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

Leave a Reply